100 пайызға сенімдімін

24 августа 2022, 01:57

9-бөлім

Кеш. Феликстің үйінде Хёнджин екеуі тамақтанып отыр. Негізінде, "тамақтанып отыр" деген жай аты ғана... Ли бүгінгі жағдайдан кейін не мардымды бірдеңе айтпады, не асқа да тәбеті болмады. Хёнджиннің де Ликске қарап, тамағына ас батпай отырған еді. Шындығына келсек, Минхоның сөздері бүгін екеуін де есеңгіретіп тастаған болатын. Феликс бұл жайтқа таңғалып, не істерін, Минхоға не деп айтарын білмей басы қатып отырса, ал Хёнджин Ликсті іштей қызғанып, өз сезімдерімен арпалысып отырған еді. Кенет бұл тыныштықты телефон қоңырауы бұзды, Феликске ағасы Ли Чон Сок хабарласып жатыр екен, жігіт тұтқаны көтеріп: - Алло, хён?! Қалайсың... А-а-а, солай ма?! Түсінікті... Жақсы, жақсы... рахмет, өзің де аман бол! - деп қысқа ғана сөйлесті де тұтқаны қойды.

Хёнджиннің өзіне сұраулы жүзімен қарап отырғанын байқаған Феликс: - Ағам ғой... - деді ақырын ғана - Маған басқа мектеп тауып қойыпты. - Не? - деп Хван аң-таң болды - Сонда сен кетесің бе?! Қашан? - оның дауысынан мұң мен уайымды анық аңғаруға болар еді.

- Ертеңгі күн - біздің мектептегі соңғы күнім болмақ...

                                  *  *  *

Минхоның Феликске махаббатын білдіруі, оған қоса кешкі ас кезіндегі әңгіме - Ликстің басқа мектепке ауысатыны, бұның бәрі Хёнджинге ауыр соққы болып тиді. Жігіт қатты мұңға батып, бір жағынан өзін де кінәләумен болды. Оның жанында Минхо батылырақ болып шықты емес пе?! Барлығын жан-жақты саралап, Хван "өз сезімдерімді бүгіннен қалдырмай Феликске білдіруім керек" - деп нақты шешім қабылдады. Жуынатын бөлмеден шығып, төсектің үстінде жатқан Феликстің жанына келіп отырды да:

- Ликси-и, телефонға қарамай тұра тұршы - деп жігіттің қолындағы гаджетті ақырын алып, төсек жанындағы шағын үстелге қойды. - Иә, айта ғой - деді Феликс Хванға қарап. Ал ол болса қобалжып кеткен екен. - Хёнджин, бәрі жақсы ма? - Ликс, қазір мен саған бір маңызды нәрсені айтамын, сен аяғына дейін тыңда, жарай ма?! - Хванның бұл сөздерінен кейін Феликс те қобалжып, оның жүрегі тезірек соға бастағандай болды.- Мен... бұл сөздерді саған айтқаннан кейін, сенің жауабың қандай болатынын білмеймін, "мені тіпті үйіңнен қуып жібересің бе екен" деп те ойладым. - деді Хван әлі де қобалжып. - Сонымен?! - деді Феликс Хёнджиннің нақты не айтқысы келетінін білгісі келіп.

- Ұзын сөздің қысқасы, Ликси, мен саған ғашықпын! Сені бірінші көрген күннен бастап... - деді Хван жігіттің тура көздеріне қарап. Арада тыныштық орнады... Феликс тағы да аң-таң болды. Бүгін оған осымен екінші адам сезімдерін білдіріп тұр. Алайда дәл қазіргі сезімдерін бірінші жағдайдағымен салыстыруға келмес...

Хванның сөздерінен кейін қандай да бір қуаныш сезімі Феликсті баурап алғандай болды, жүрегі кеудесінен шығардай болып, дүрсілдеп, көздерін Хёнджиннен ала алмай қалған еді. Ал Хван үшін Ликстің жауабын күту бір мұңға айналып, әрбір секунд бір ғасырға созылғандай болды... - Сонымен, жауабың қандай? Мені қуасың ба? - деді Хван мұңайып, жігіттің ұзақ уақыт үнсіздігенен кейін. - Жоқ - деді Феликс байыпты түрмен - Мен сені ешқашан ешқайда қуа алмаймын! - Сонда бұл нені білдіреді? - деді көздерінде үміт оты оянған Хван. - Бұл... сен де маған ұнайсың дегенді білдіреді - деді Феликс сенімді түрде.

- Р-рас па? - деп Хёнджин әрең айтты. - Әрине, Хёнджин, мен бұған 100 пайызға сенімдімін... - деді жымиып. Хван қуаныштан тіпті не дерін білмей, абдырап қалды да, Ликстің қолынан ұстап: - Менің қазір қандай қуанышты екенімді білсең ғой, my sunshine - деді ақырын ғана...

                                  *  *  *

Ертеңгі күні Феликс Минхомен ашық сөйлесу үшін мектеп шатырына шақырды.

Минхо өзі де іштей жігіттің жауабы қандай болатынын сезгендей еді. - Минхо - деді Ликс терең демалып - біріншіден - сенің маған деген сезімдерің үшін, екіншіден - ашықтығың үшін, үшіншіден - кеше мені Чанбиннен қорғап қалғаның үшін рахмет. Минхо сәл ғана жымиды да: - Мен бәріне ондай жақсылық жасай бермеймін - деді Ликстің көздеріне тура қарап. - Білемін. - деді Ликс сабырлы түрмен - Алайда, мен сенің сезімдеріңе дәл солай жауап бере алмаймын.

Минхо терең күрсінді де: - Түсінікті... - деді ақырын ғана - Негізі, сенің жауабыңның осындай болатынын білген де едім. Бірақ, себебі неде? Хванда ма? Ликс сәл ойланды да:- Дәл таптың. - деп ойын ашық жеткізбекке бекінді - Мәселе осыған келсе, мен де шынымды айтайын, Хёнджинді ұнататыным рас. Ол да мені... Оған қоса, мен ертең бұл мектептен кетемін, яғни бүгін - менің осындағы соңғы күнім. - НЕ?! Қалай? - деді Минхо бірден. - Міне, осылай. Бұл бір жағынан саған да пайдалы болар, мені көрмесең, сезімдеріңді тезірек ұмытасың. Көзден кеткен, көңілден де кетеді дегендей...

9-бөлімнің соңы

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!