Сен қайда барсаң, мен де сонда боламын

24 августа 2022, 02:51

10-бөлім

Хван директордың кабинетінің есігін тоқылдатып, есікті ақырын ашты да: - Боссың ба?! - деді әкесіне қарап. - Иә-иә, кір. - деді директор ақырын ғана. Хван есікті жауып, бөлме ортасында тұрған екі қара диванның біріне келіп отырды. Директор да үстел басынан тұрып, Хванға қарама-қарсы келіп жайғасты: - Мені мүлдем көргің келмей жүр екен десем. Үйге де келмей кеттің, анаң уайымдап жатыр. - Мен бұл жерге басқа мәселе бойынша келіп отырмын, оған қоса ол - менің анам емес, өгей екенін білесің ғой. - деді Хёнджин байыпты түрмен. - Жә, жетер, ол қандай мәселе? - Менің басқа мектепке ауысқым келеді.

- Қалай? Неге? - Соңғы рет сөйлескенімізде, ойланып бір шешімін айтамын деп едім ғой. Міне, осындай шешімге келдім. - Түсінікті... Алайда, мүмкін осы мектепте оқи берерсің? - Жоқ! - деді Хёнджин бірден - Бұл менің соңғы шешімім... және соңғы өтінішім. Сенен бұдан басқа ештеңе сұрамаймын. - Олай болса, жақсы. Алайда, сен біздің мектептің оқушыларын басқа мектептер оңайлықпен алмасын білесің ғой. - Ого! Директор өзінің мектебінің қандай дәрежеде екенін біледі десеңші! - деп Хван өтірік таңғалғандай түр жасады да, қайтадан сабырға келіп - Сенің таныстарыңның көп екенін білемін, сол себепті маған бұл сөздерің әсер етпейді. - Жақсы, жақсы... мен бұл мәселені шешімін. Уәде беремін! Саған жақсы мектеп қарастарамын. - Маған жақсы мектеп керек емес! Менің дәл мына мектептің мына сыныпбында оқығым келеді - деп әкесіне бір қағазды ұсынды - Мені осында ауыстыр, басқа нұсқаларды қарастырмаймын - деп орнынан тұрып кетіп қалды.

                                   *  *  *

Кеш. Феликстің үйінде. - Мүмкін ол мектепке ауыспай-ақ қоярмын, Хёнджин, қалай ойлайсың? - деді Ли мұңға толы көздерімен Хванға назарын аударып. - Сен не айтып тұрсың, Ликси?! - деді Хван жігіттің бұл қылығына таңырқап. - Егер ауысып кетсем, сені жиі көре алмаймын ғой! - Олай деме, сен жақсы мектепте білім алуға лайықтысың. Керісінше, біздің мектепке емес, бірден сонда баруың керек еді. - деп Хван Ликстің артынан келіп құшақтады.

- Я-я, Хёнджинни! Не айтып тұрсың?! Олай болса сені қалай кездестірер едім?! - деді Феликс аздап бұртиып. Оның бұл қылығы мен сөздеріне Хван сәл күлді де: - Егер солай болған жағдайда да, біз міндетті түрде кездесуші едік! - деді ақырын ғана...

                                   *  *  *

Ертеңгі күні Феликс жаңа мектебіне аттанды, ол жақта оны әдеттегідей бәрі жылы қарсы алған еді. Ал Хван болса өзінің мектебіндегі соңғы күнін өткізіп жатыр. Бұл күнді Хёнджин құр босқа жібермей, Минхомен сөйлеспекші болды. - Мені неге мұнда шақырдың? - деді көңіл-күйі жоқ болса да, сыр білдірмей тұрған Минхо. - Неге мұнда деймісің?! Егер мектеп шатырына кел десем, мені сол жерден итеріп жібересің бе деп қорықтым - деп Хван күлді. Минхоның да жүзіне бір сәтке күлкі үйірілгендей болды. - Сол себепті мектеп артындағы саябаққа шақырдың ба? - Ага. - Ал шындығына келсек, маған бірдеңе айтпақ болдың ғой, егер бұл Феликс екеуіңе қатысты болса... - Жоқ - деді Хван сабырлы түрмен - Оған қатысты емес. Негізінде, мен сені қаншалықты ұнатпағаныммен де, сенің жақсы жақтарыңның бар екенін білемін. - Содан?! - Минхо миығынан күлді - Маған сезімдеріңді білдірейін деп пе едің?! - Күлкілі - деді Хван байыпты түрмен - Мен басқа мектепке ауысып барамын, сондықтан, арамызда ешқандай да бір келеңсіздіктің қалғанын қаламаймын. - Солай де... Қай мектепке?! Феликстің артынан барамысың?! - Дәл таптың. Оған қоса саған бір жаңалығым бар - Хан Малайзиядан оралды...

                                   *  *  *

Хан - Минхоның бұрындары жақсы көрген жігіті еді, алайда екеуі белгілі бір себептермен айырылысуға мәжбүр болған болатын...

Ал енді, Хванның сөзі бойынша, ол қайтып оралған көрінеді. Минхоны бұл жаңалық қатты есеңгіретіп тастады, жігіт не күлерін, не жыларын білмеді. Басына өткеннің естеліктері оралып, санасындағы ойлар сан тарапқа жүгірді...

                                   *  *  *

Кеш. Минхо Ханның үйінің алдына келді де, жігітке хабарласты. Қоңырау шалынып жатыр, демек Хван өтірік айтпаған екен. - Минхо... - деді тұтқаның арғы жағында дірілдеген дауыс. - Сенің үйіңнің алдындамын, сыртқа шық... - деді де жігіт тұтқаны қоя салды. Өзіне таныс дауысты естігенде, Минхоның суық жүрегі бірден жібіп сала бергендей болды. 1-2 минуттан кейін Джисон да сыртқа шықты, Минхо оны расымен де күтіп тұр екен. Екеуін де біртүрлі сезімдер бойлап барады. - Минхо, сен қайдан білдің?! - деді Джисон тағы да дауысы дірілдеп. - Хван айтты. - деді жігіт Ханнан көздерін алмай. - Түсінікті... - Неге... - деді Минхо ақырын ғана - Неге ол?! Неге сенің осында екеніңді бірінші Хван білуі керек?! Неге мен бұл хабарды бірінші Хёнджиннан естуім керек? - деп Минхо ішіндегі мазалап жатқан сұрақтарын жайып салды. Джисон үндемеді... тек қана жігітке үнсіз қараумен болды. Минхо болса ашуға басып: - ДЖИСОН! Сен мені естіп тұрсың ба?! Неге жауап бермейсің?! Қарғыс атқыр! Қазір есімнен адасатын шығармын! - деп Ханның жанына келді. - Кешір... - деді Джисон ақырын ғана, осы сәтте оның көзінен бір тамшы ыстық жас ағып түсті. Мұны байқаған Минхо өзінің тағы да артық кетіп қалғанын түсінді де, сабырға келіп: - Менің саған бұлай дауыс көтермеуім керек еді, кінәлімін Джисон, кешір мені. - деді жігіттің тура көздеріне қарап. Хан болса осы сәтті күткендей, Минхоның құшағына енді де: - Мен енді кетпеймін, ешқайда кетпеймін... - деді дауысы дірілдеп. Бұл сөздерді естіген Минхоның жүзіне бірден күлкі үйірілді де, Джисонның көздеріне кезек қарап: - Р-рас айтасың ба?! - деді өз құлағына өзі сенбей. - Әрине. Малайзиядағы барлық жұмыстарымды шешім келдім. Енді үнемі осында боламын, сенің жаныңда, егер қаласаң... - деді үмітке толы көздерімен Минходан назарын алмай.

- Әрине қалаймын! - деп Минхо да жігітті қатты құшақтады. - Сені енді ешқайда жібермеймін, ешқайда...

                                   *  *  *

Бүгін Феликстің жаңа мектептегі екінші күні, тек Хванның жетіспей тұрғаны болмаса, бұнда бәрі керемет еді. Феликс қазір сынып бөлмесінде, терезеден айналаға қарап, Хван екеуінің бірге өткізген сәттерін есіне алып, ойланып отыр. Бір жағынан тезірек сабақтардың аяқталып, үйіне барып, әдеттегідей Хёнджинмен бірге кешкі ас дайындап, ішкісі де келуде ... Ал айналада болса күндегідей балалар бір-бірімен әңгімелесіп, шуласып отыр. Кенет сыныпқа жас мұғалім кіріп келді, бұл олардың сынып жетекшісі - Сынмин сонсенним болатын. Оқушылар дереу тынышталып, мұғаліммен амандасты. Сынмин болса ортаға тұрып:

- Қайырлы күн, балалар. Бүгін біздің сыныпқа тағы да бір оқушы келіп қосылды. - деді жылы жүзімен. - О-о-о! - Рас па?! - Осы аптада екінші рет?! - деген оқушылардың шулаған дауыстары бірінен соң бірі естілді. Феликс те бұл жаңалықты естіп таңырқап қалған еді. - Қане, келе ғой! - деп Сынмин жаңа оқушыны шақырды. Ол кіріп келгенде бәрі де таңырқап қалды, бұл бір бойы ұзын, сымбатты жігіт еді. Ал Феликс болса өз көздеріне өзі сенбей, аң-таң болды.

- Өзіңді таныстырсаң болады - деді Сынмин жаңа оқушысына қарап. - Мен Хван Хёнджин боламын, достасып кетеміз деп ойлаймын. - деді Ликске қарап жымиып. Сыныптағының бәрі оған жылы шырай танытып, қол шапалақтап қарсы алды. - Жарайды, бос орынға барып отырсаң болады. - Сынмин сонсенним, Феликстің жанына отырсам бола ма?! - деп Хван оған қиыла қарады. - Біз бір мектептен едік, мен осында да Феликс үшін ауысып келген болатынмын. - Сынмин да, сыныптағы оқушылар да жігіттің айтқанын сөздерінен таңырқап қалды да, біресе Хванға, біресе Ликсқа қараумен болды. Сынмин сәл ойланды да:

- Жарайды... Алайда ол орын бос емес еді. АйЭн, басқа орынға ауысуға қалай қарайсың?! - деді Ликстің жанында отырған жігітке қарап. - Әрине, қарсы емеспін! - деп әлгі жігіт сәл жымиды да, орнынан тұрып, басқа бос орынға барып отырды...

                                   *  *  *

Қоңырау кезінде Феликс Хванды ешкім жоқ, бос сыныпқа ертіп әкелді де, жігітке сұраулы жүздерімен қарап: - Джинни, маған неге айтпадың?! - деді бұртиып. - Жаным-ау! Бұл саған тосын сый болсын дегенім ғой! - деп ақырын ғана жігітті құшағына алды. Феликс те оған жауап ретінде Хванды қатты құшақтап:

- Хёнджинни, рахмет саған! Сен болмағанда не істер едім?! - деп жұмсақ-жұмсақ сөйледі.

- Есіңде болсын, сен қайда барсаң, мен де сонда боламын, my sunshine...

Соңы / HAPPY END ❣️

Бұл туынды осымен менің 3-ші фанфигім және алғашқы яой жанрындағы хикаям болды. Маған деген көрсеткен қолдауларыңызға, ақ тілектеріңізге рахмет! Алда сіздерді бұдан да қызықты дүниелер күтіп тұрғанын айта кетейін. Менімен бірге болыңыздар ❣️

                Ақ ниетпен: Darknesberry ❤️

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!