... саған басқалардың зиян келтіргенін қаламаймын!

24 августа 2022, 00:14

8-бөлім

Феликс ұйқыдан оянса жанында ешкім жоқ екен. Төменгі қабаттан дәмді тамақтың иісі шығатын секілді. Жігіт тездетіп ас бөлмеге барса, онда Хёнджин таңғы асты дайындап қойыпты.

- О-о-о, Ликси! Қайырлы таң! - деді Хван қуанып. - Қайырлы! Хёнджи-ин, сен қашан тұрғансың? Бұның бәрін қашан жасап үлгердің? - деді әлі ұйқысын аша алмаған Ли. - Әлдеқашан. - Мені неге оятпадың онда? - Сендей саншайнның тәтті ұйқыңсын бұзу менің қолымнан келмейді...

                                  *  *  *

Хван мен Ликс екеуі таңғы астарын бірге ішіп, сабаққа жиналды. Екеуі жол бойы әңгіме-дүкен құрып, қалайша мектепке келіп жеткендерін де байқамады.

Қызық, екеуі бір апта бұрын ғана бірін-бірі жайлы ештеңе білмеймін, бөтен адамдар еді, ал қазір ше?! Қазір енді міне, бір-бірінен жақын жан жоқтай...

                                  *  *  *

Түскі үзіліс уақыты. Ликс кең дәлізде жалғыз өзі келе жатыр еді, кенет бұрылыста бір жігітке соқтығысып қалды. - Ей! Көзіңе қарап жүрмейсің бе?! - деп әлгі жігіт Феликсті кеудесінен итеріп жіберді.

- Түсінбедім? Сен мені жаңа ғана итердің бе? - деді Ли қабақшытып. - Түсінбейтін несі бар?! - Бұл жерде жалғыз кінәлі адам мен емес, өзіңнен де кінә бар! Сол себепті мені итергенің жарамады! - Ей, сен не қыл деп тұрсың, а?! Кімге ақыл үйретіп тұрғаныңды білесің бе өзі? - деп әлгі жігіт Ликстің жағасына жармасты. - Не істемексің? Мені ұрасың ба?! Қане ұрып көр! Қолыңнан не келетінін көрейік!- Онда мен қазір сенің мына әдемі бетіңнің быт-шытын шығарамын! - деді де, әлгі жігіт жұдырығын түйіп алып, Ликсқа бар күшімен соққы жасамақшы болған еді. Алайда, оның қолынан біреу ұстап қалып, әлгі жігітке кедергі жасады. Бұл - Минхо болатын:

- Чанбин! Бұл не қылығың? - Көрмейсің бе?! Мына жігітке сабақ беріп жатырмын! Кімнің кім екенін білетін болсын! - А-а, солай ма?! - деп кенет Минхо әлі жігітке жұдырық жұмсады, соққының қаттылығынан ол бірден жерге құлап түсті. Минхоның бұл қылығынан әлгі жігіт те, Ликс та шокта болды. - МИНХО! Бұл не қылығың?! - деді Чанбин жерден тұрып жатып. - Есіңде болсын, Феликс - менің қорғауымда, оған тиіскенің - маған тиіскенің! - деп Минхо байыпты түрмен жауап қайтарды да, Феликстің қолынан ұстап алып, басқа жаққа ертіп әкетті...

                                  *  *  *

- Түсінбедім, Феликс! Сен неге қорғанбайсың?! Төбелесе алмайсың ба, әлде таяқ жегің кеп жүр ме? - деді Минхо мектептің шатырын басына көтеріп.

- Керісінше, мен сені түсінбедім! Бұл жаңа ғана не болды? Мені не үшін қорғап қалдың? - деді Ликс те ашулана. - Себебі... - деді Минхо ызаланып - себебі мен саған басқалардың зиян келтіргенін қаламаймын! - Неге?! Не үшін, Минхо? Өйткені мені өзіңнің соққыға жыққың келе ме? - Жоқ, мүлдем олай емес! - Қалай олай емес? Осы күнге дейін маған қыр көрсетіп жүрген кім еді? - Сен мені дұрыс түсінбеген екенсің... - Нені дұрыс түсінбедім? Әлде сен маған ғашық болып қалғаннан саусың ба?! - оның бұл сөздерінен кейін Минхо кідіріп қалды да, сәлден кейін: - Ал егер... солай болса ше?! - деді Феликстің көздеріне тура қарап.

Ликс бұл естігенінен аң-таң болды. Тіпті тілін жұтып қойғандай, ештеме дей алмады. Бір сәтке арада тыныштық орнады... Негізінде бағана Минхоның Ликстің қолынан ұстап алып, басқа жаққа ертіп апара жатқанын Хёнджин алыстан байқап қалып еді, іші бір жамандықты сезгендей, бар жылдамдығымен олардың артынан жүгірді, сосын ол да шатырға келіп, амалсыздан екеуінің ұрсысын естіп қалды. Бұлардың әңгімесі оған мүлдем ұнамағанымен де, жай күтуден басқа шарасы болмады.

Енді міне екеуі де тынышталған соң, жылдам қадамдап Феликстің жанына келді... келді де, жігіттің қолынан ұстап: - Бәрі жақсы ма? - деді ақырын ғана. Өзіне таныс дауысты естіген кезде ғана Ликс оянғандай болды. Хванға жауап ретінде ол жай ғана басын изеді. Ал бұл екеуінің ара-қатынасы болса Минхоға мүлдем ұнамаған еді. Дәл осы сәтте ол қызғаныштан не істерін білмеді. - Басқа жаққа кетейікші - деді Ликс сәл ойланып. Оның бұл өтінішінен кейін, Хван оның қолынан ұстап, басқа жаққа ертіп әкетті...

8-бөлімнің соңы

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!