Уайымдама

24 августа 2022, 00:28

7-бөлім

- Алайда уайымдама - деп Хван жігітке қарап жымиды да - сенің жаныңда мен барда ол сенің бір тал шашыңа да зиянын тигізе алмайды... - оның бұл сөздерінен Феликстің де жүзіне күлкі үйірілді. - Айтпақшы, - деді Хван кенеттен - Ликси-и, бүгін сенің үйіңде қонсам бола ма? Білесің ғой, әкеммен ренжісіп қалғанымды. Шынымды айтсам, үйге баруға зауқым соқпай тұр - деп Хван сүйкімді түр жасады. Хёнджиннің бұл түріне қараймын деп Феликс біртүрлі болып қалды да, оның жүрегі бір мезетке тезірек соға кеткендей сезілді. Шындығында Хван өте сүйкімді еді. -Ж-жақсы... әрине - деді Феликс басын басқа жаққа бұрып...

                                  *  *  *

Кеш. Феликстің үйінде. - Қош келдің! - деді Ли қонағын ішке кіргізіп жатып. - Төрлет! - Уау, Ликси, үйің керемет қой! - деді Хван таңырқап. - Айтпақшы, үйде қазір біреу бар ма? - Иә. - деді Феликс сабырлы түрмен. - Кім? Ағаң ба?

- Сен екеуіміз. - деді жігіт күліп. - А-ай, Ликс, сен де бір! Ал ағаң қайда? Әкең, анаң? - Ағам Чеджудода жұмыстарымен, Кореяда екеуіміз ғана. Ал, ата-анама келетін болсақ, олар әлі де Сиднейде тұрып жатыр. - Аң-таң болған Хван бір орында тұрып қалды: - Қалай сонда? - А, ой! - деді жігіт бұл жайтты Хванға айтпағаны есіне түсіп. - Хёнджин, негізі мен Австралиялықпын. - Қалай? Қала-ай?

- Міне, осылай! Мен бұған дейін Седнейде туып, өскенмін, сонда білім алғанмын. - деп Феликс бәрін түсіндіріп жатыр. - ОГО! Мен сені Сеулде бұрыннан бері тұрып жүр екен десем. - Феликс аздап күліп:

- Қалай сонда? Сен менің есімімнен ештеме деп күдіктенбедің бе? - А-а-а, иә-иә! Расымен де, есімің өзгеше екен ғой, бәлкім, сен кәрісше зуылдатып сөйлеген соң ол жайт есімнен шығып кеткен болар, немесе бәлкім, бар ойым сенің есіміңде емес, мына сүйкімді жүзіңде болғандықтан шығар! - деп Хван жігітке жақындады. Оның бұл сөздерінен кейін Феликстің жүрегі тағы да тезірек соға жөнелді: - Солай де... ал сен бұл сөздеріңе жауап бере аласың ба, Хван Хёнджин?

- Барлық 100 пайызға...

                                  *  *  *

Хван мен Ликс кешкі астарын ішіп болған соң, Ли жігітті екінші қабатта орналасқан бір бөлмеге ертіп келді де: - Бұл ағамның бөлмесі, осында ұйықтасаң болады. - деді Хванға қарап. - Егер мұнда ұйықтасам ағаң ұрыспай ма? - Жоға, оның ондайы жоқ. - Ликси-и, мен сенің бөлмеңе жатайыншы. - НЕ? - деп Феликс таңырқап қалды. - Шындығында менің бөтен үйде жалғыз ұйықтаудан қорқатыным бар еді. - А-а, солай ма?! Алайда, Хёнджин... - Өтінемін - деді Хван мөлдіреген көздерімен.

- Есіңде ме, сен мағаң тағы бір тілек қарызсың. - жігіттің бұл сөздерінен кейін, Ликстің оның өтінішіне келісуден басқа амалы қалмады: - Жара-а-айды, кеттік онда, анау тұрған бөлме менікі...

                                  *  *  *

Феликстің бөлмесі. Үлкен, жұмсақ төсектің екі жағында екі жігіт жатыр. Басқасы басқа, ал Хёнджиннің екі езуі екі құлағында: - Білесің бе, Ликси?! - деді тәтті дауысымен - Ал маған бұл жер ұнайды.

- Рас па, қуаныштымын - деді Ли төсектің шетінде бір қырымен жатып. - Тек маған бір зат қана ұнамай тұр. - Ол не? - деді Феликс ақырын ғана. - Сенің маған емес, басқа жаққа қарап жатқаның! - деп жігітке жақындады. - Маған бұлай ыңғайлы ғой. - Ликси-и! - деп Хван оның иығынан басып, ақырын ғана түзу жатқызды да, оның тұнық жанарынан көздерін алмай:

- Міне, тым болмаса осылай жат, жарай ма?! - деді, Феликсті болса біртүрлі сезімдер кернеп, мына сүйкімді жігітке "жоқ" дей алмады. - Қайырлы түн, Ликси-и! - деп Хван оны құшақтап алды. - Саған да, Хёнджин - деді Ликс ақырын ғана...

                                  *  *  *

Ертеңгі күні. Таң. Терезеден түскен күн сәулесі жігітті оятып жіберді.

Хёнджин ақырын ғана көзін ашса, Ли екеуі құшақтасып ұйықтап қалған екен. Бұны түсінген Хванның көңіл-күйі таң атпай жатып, бірден көтеріліп кетті. Ұйықтап жатқан Ликстің әдемі жүзінен көздерін алмай, терең демалды да, ақырын ғана жігіттің күн сәулесіндей алтын шашынан сипады. Сосын өзінің жылы алақанымен жігіттің әдемі бетін ұстап көрді. Іштей Хёнджин уақыттың бір мезетке тоқтап, осы сәттің мәңгілікке созылғанын қалады...

7-бөлімнің соңы

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!