Хёнджин, тыныштал дедім!
24 августа 2022, 00:106-бөлім
...Хёнджин мен Феликс бұл жаңа сыныптастарының кім екенін білген еді, алайда екеуі де іштей ол болмаса екен деп үміттенді. - Стоп! Балалар, тынышталамыз. Сендердің барлығың да оны жақсы білесіңдер деп ойлаймын. Ол оқушы басқа мектептен емес, басқа сыныптан ауысып келді. Қане, кіре берсең болады! - деп Банчан ол жігітті ішке шақырды. Оны көрген кезде, сыныптағы оқушылардың көбінің түрлері бұзылып, өңдері солғын татып кетті. Бұл жігіт шынтуайтына келгенде, бүкіл мектепке әйгілі еді. Ол сымбатты, әрі зерек болса да, өзінің сотқарлығымен және қырсық мінезімен танымал болатын.
Осы мектепте қандай төбелес орын алса да, соның ортасында бұл жігіт жүруші еді. Алайда, белгісіз бір себептермен ол әрдайым сүттен ақ, судан таза болып шығатын. Бұл мектептің оқушыларының бәрі тіпті онымен бірге бір дәлізде жүруден қашатын еді, одан тым жасқанатын, тек Хваннан басқасының бәрі... - Қарсы алыңдар, біздің сыныптың жаңа мүшесі - Ли Минхо. - деді Банчан дауыстап. Жігітті көргеннен кейін ешкім де ләм мим деп тіл қата алмай қалды. "Жетпегені осы еді" деп ойлады Феликс іштей. - Өзіңді таныстырсаң болады - деп Чан назарын жігітке аударды. - Таныстырудың керегі жоқ деп ойлаймын, бұндағының бәрі мені онсыз да жақсы біледі...
* * *
Түскі үзіліс уақыты. Директордың кабинетіне бір жеткіншек баса көктеп кіріп келді: - Сіз бұлай жасамаймын деп едіңіз ғой! Минхо екеуіміздің бір сыныпта оқуымызға жол бермейтініңді айтқансың! - Сен бала ең алдымен есікті тоқылдатуды үйрен! - деді директор ашуға басып. - Әке! Қазір осы маңызды ма? Қазір мен әдеп пен сыйластықты ойлайтындай күйде емеспін! - деді қаны қайнаған жігіт. - Мен сізден осы күнге дейін бір-ақ нәрсені өтіндім ғой, тек бір-ақ - әлгі есерсоқ екеуіміздің бір сыныпта оқуымызға жол бермеу! Ал сіз не істедіңіз? Тағы да сөзіңізде тұрмадыңыз! - Балам, тыныштал! Ақырынырақ сөйлесеңші, біреу-міреу естіп қалмасын.
- Сіз әлі де басқалар не ойлайды екен деп тұрмысыз?! Ха! - Хёнджин, тыныштал дедім. Әлгі жүгермек әкесіне айтқан соң, оны сенің сыныбыңа ауыстырудан басқа амалым болмады. - деді директор жеңіл күрсініп - Өзің де түсінесің ғой, оның әкесі біздің мектептің демеушісі. Бұнда қанша рет қомақты қаржы құйды десеңші! - Ал сен сонша рет оның ұлының былықтарына көз жұма қарап, артын жаптың! - деп Хван бұлқан-талқан болды. - Жә, жә, жетер енді! Болған нәрсе болды, оны қазбалағаннан не табасың?! - ... - Білемін, бұл жолы да сөзімде тұрмағанымды. Енді қайтесің, мен тек сенің әкең ғана емес, оған қоса білдей бір мектеп директорымын ғой, бәрін де мектептің қамы үшін жасап жатырмын, ал бұл мектепте сен оқисың, демек сенің қамыңды ойлап жатырмын деген сөз емес пе?! - Деген сөз емес! - Сонда да, енді не істемексің, сені басқа сыныпқа ауыстырайын ба? - Жоқ, ауыспаймын. Бір шешім қабылдағанда келіп айтамын! - дедп жігіт есікті тарс жауып кетіп қалды.
* * *
Үзіліс уақытында Феликс әдеттегідей мектептің шатырына көтерілген еді. Алайда ол бұл жерден мұңға батып отырған Хёнджинді көзі шалды.
- Хёнджин, сен мұнда не істеп отырсың? - О-о-о, Ликси! - Түріңе не болған? Бозарып кетіпсің ғой! Бір жағдай болды ма? - деп Феликс Хванның жанына келіп отырды. - Жа-а-ай... - деп Хван созып айтты да, сәл күрсініп - жаңа ғана әкеммен сөзге келіп қалдым.
- Қойшы, рас па? - Хван жауап ретінде сәл ғана басын изеді. - Сонда сенің әкең осы мектепте жұмыс істей ме? - Ликси, саған бір сырды ашайын иә?! - Егер қаласаң, айта ғой! Мен ешкімге тіс жармаймын. - Білемін ғой, Ликси, сол себептен айтпақшымын. Шындығында, менің әкем - осы құрғыр мектептің директоры. - Ого, рас па?! - деп жігіт аң-таң болды. - Иә, рас... Оған қоса әлгі өзінше болған Минхо бар емес пе?! - Иә? - Сол біздің мектептің үлкен демеушілерінің бірінің ұлы. - Ал керек болса! - Негізі ол өте сотқар жігіт, төбелеске жақын. Өткенде сол себепті де сенен содан алыс жүруді өтінген болатынмын. - Ондай болса түсінікті - деді Феликс ойланып отырып. - Алайда уайымдама - деп Хван жігітке қарап жымиды да - сенің жаныңда мен барда ол сенің бір тал шашыңа да зиянын тигізе алмайды...
6-бөлімнің соңы
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!