Жаңа оқушы

24 августа 2022, 00:21

5-бөлім

Мұнда Минхо отыр екен...

Феликс болса сынып бөлмесіне кіріп бара жатып, бір секунқа кідіріп қалды да: - Саған мұнда келуге болмайды ғой? Не іздеп жүрсің? - деді байыпты түрмен партаның үстінде отырған жігітке қарап.

- Сені іздеп жүрмін - деді Минхо міз бақпай. - Не себепті? - А-а, себеп пе?! Сені көру үшін маған себептің керегі жоқ! - Түсінбедім?! - Түсінбейтін несі бар? Мен бәрін анық айтап тұрған секілдімін. - Жұмбақтамай, турасын айтшы! - деді Феликс сәл ызаланып.

- Жа-а-ай! Сенің шамыңа тигім келді, болды ма? - деп Минхо миығынан күлді. - Жарайсың, бұл қолыңнан келді, ал енді мені жайыма қалдыр да, өз сыныбыңа бар! - Ал бармасам ше?! - деп жігіт ақырын қадамдап Ликстің жанына жақындады да, оның тура көздеріне қарап - Сен маған бір нәрсе жасайсың ба? - деп үн қатты. - Минхо! Сен менің қандай екенімді білмейсің, сол себепті менен аулақ жүргенің өзіңе жақсы болады! - деді Ликс оны қорқытпақ ниетпен. Бұған Минхо аздап күлді де: - А-а-а, рас па? Онда шынайы Феликсті көрсет маған! - деді байыпты түрмен. Осы сәтте есіктің ар жағында біреудің келе жатқан дыбысы естілді. Ол кісі есікті ашты да, сыныпқа кірді. Бұл - Феликстің сынып жетекшісі Банчан екен, Ликс оны көрген соң: - Сонсенним, сәлеметсіз бе?! - деп мұғаліміне қарап, әдеттегідей иілді. - Hi, Felix! - деп Чан да оқушысымен амандасты да, басқа сыныптың оқушысын бірден байқады.

- Сіз мектепте адасып кеттіңіз бе?! Менің оқушым емессіз ғой! Бұл сыныптан не іздедіңіз? - деп сұрақтарын қойды. - Иә, мен сіздің оқушыңыз емеспін, алайда сіздің сыныбыңызға ауысқым келіп еді...

                                  *  *  *

Түскі уақыт. Асхана. Хёнджин мен Феликс бір үстел басында тамақтанып отыр. Бүгін Ликстің көңіл-күйі жоқ екенін байқаған Хван, одан не болғанын тіке сұрамақшы болды. Ли болса басында ештеңе айтқысы келмеген еді, алайда жігіт қоймаған соң, оған мән жайды түсіндіруге тура келді:

- Бүгін мен сыныпқа ерте келгенімді саған айттым ғой, есің де ме? - Иә, содан? - Ерте келіп, сыныпқа кірсем... онда Минхо отыр екен. - Ликстің айтып бастаған әңгімесі Хванға мүлдем ұнамады. - Не? Ол онда не іздеп жүр? Айға бата қылып жүр ме? - Білмедім. - деді Феликс ақырын ғана.

- Оған қоса, бұл ережеге қайшы емес пе?! Басқа сынып оқушылары өзге сынып бөлмесіне кіре алмайды!- Білемін, мен де солай айттым, алайда... - Не алайда? - Оның біздің сыныпқа ауысып келмек ойы бар секілді. - Қалай сонда?! Оның өзі саған солай деді ма? - Жоқ... Біз салғыласып тұрғанда, сыныпқа Банчан сонсенним кіріп келген еді, соған айтты... - Ал, Банчан не деді? - Директормен сөйлесіп көрем деген. - Сосын оны жай жібере салды ма? - Иә, жай жібермегенде не істеу керек еді? - Негізі бұндай жайттарға арнайы жаза қарастырылған... - деді Хёнджин ойланып - Алайда Банчан бұл жайлы не жаңадан келгендіктен білмеді, не сондай мейірімді болғандықтан үндемеді. - Екінші нұсқа болу керек, әңгіме барысында ол да бұның ережеге қарсы екенін айтқан болатын. - деді Феликс алдындағы кимчиін жеп отырып. - Сосын, Чан не жаңадан келген бе? - Иә-ә, сен келгенге дейін бір апта бұрын келген қателеспесем. - Солай де... - Оған қоса, дәл бізге келгенін айтсаңшы! - деді Хёнджин күлімдеп - Жақсы мағынада айтып отырмын, оған дейінгі мұғалім тым қатал еді, ал БанЧан болса бізге құдды бір туған баласына қарағандай қарайды ғой! Қызық, неге ол біздің мектепке ауысып келді екен?

                                  *  *  *

Ертеңгі күні. Таңертең. Сынып бөлмесі. Күндегідей шулы орта. Ликс пен Хван екеуі бірге отырып, әдеттегідей әңгімелесуде. Бір мезетте сыныпқа Банчан кіріп келді. Лезде мүлгіген тыныштық орнады. Чан ортада тұрып:

- Қайырлы таң! Менің бір хабарландыруым бар еді. Біздің сыныпқа тағы бір оқушы қосылады. - деді сабырлы түрмен. Бәрі оның кім екенін білгілері келіп, шуылдай бастады. Тек Хёнджин мен Феликс бұл жаңа сыныптастарының кім екенін білген еді, алайда екеуі де іштей ол болмаса екен деп үміттенді...

5-бөлімнің соңы

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!