Бұл не қылығың?!
24 августа 2022, 00:244-бөлім
Бұл көріністі көргеннен соң, Хёнджиннің қаны бірден басына шапты: - Минхо! - деді баспалдақтың жоғарғы жағында тұрып алып - Сен не істеп тұрсың?! - Хванның бұл сөздерінен кейін Минхо Ликстен сәл алыстап, мойынын жоғарыда тұрған жігітке қарай бұрды да: - Шаруаң болмасын, Хван! - деп миығынан күлді. Хёнджин тездетіп төменге түсті де, Минхоны итеріп жіберді. Оны бұлай жасайды деп шамасы Ликс те, Минхо да ойламаса керек-ті. - Бұл не қылығың?! - деді Минхо да ашуланып. - Есіңде болсын! Феликске жақындаушы болма! - деп Хван Минхоның тура көздеріне қарап сөйледі де, Феликстің қолынан ұстап, басқа жаққа қарай ертіп әкетті...
* * *
Хван Ликстің қолынан ұстап алып, мектептің шатырына дейін ертіп әкелді. Феликс болса әлі де Хёнджиннің әрекеттерін түсінбей тұрғандай. Аздаған үнсіздіктен кейін, бұл тыныштықты бірінші болып Ликс бұзды:
- Хёнджин, неге бұлай жасадың? - деді әлі де ашуланып тұрған жігітке қарап. - Себебі... - деді Хван сәл кілдіріп - себебі, мен Минхоның қандай екенін жақсы білемін. - Сонда ол қандай? - деді Феликс жай ғана. Хёнджин болса оған біртүрлі болып қарады да:
- Сен оған қызығушылық білдіріп тұрсың ба, Феликс? - деп жігіттің тура көздеріне қарады. - Жоға - деді Ликс оның бұл әрекетін түсінбей. - Жай ғана сұрағаным ғой! - Менің бір түсінбегенім Ли, сен оған неге соққы бермедің?! Оған күшің жетеді ғой! Әлде төбелесе алмайсың ба? - деп Хван бағанадан бері өзін мазалаған сұрақтарды жігітке жаудыра жөнелді. - Мәселе мұнда емес. - деді Ликс сабырлы түрмен - Мен кеше ағаммен сөйлестім, басқа мектепке ауысу үшін тыныш жүруім керек екен, маған қазіргі уақытта ешқандай төбелес керек емес, түсінесің бе? - бұл сөздерді естігеннен кейін Хёнджиннің эмоциялары бірден ашудан мұңға ауысып кеткендей сезілді.
- Түсінемін - деді Хван сәл ойланып. - Демек, жақында басқа мектепке ауыспақшысың ғой? - Мүмкін болып жатса. Жарайды оны қояйықшы, сен мені бүгін тағы да құтқарып қалдың. - деп Ликс Хёнджинге қарап жымиды. Оның бұл қылығынан Хванның да жүзіне бірден күлкі үйірілді. - Сенің тағы да бір өтінішіңді орындауыма тура келетін секілді. - Алдымен, бірінші тілегім орындап алшы, қалғанын сосын көреміз, бағана айтқан жерде кешкі 6-та күтемін, кешікпей кел! - деп Хван Ликстің иығынан жеңіл қақты да, күлімдеп кетіп қалды.
* * *
Кеш. Феликс жігіт айтқан жерге келді, Хван да оны сонда тосып тұр екен, қолында скейті бар, ол өзінің жанына келе жатқан Ликсті көріп қуанып кетті: - О-о-о, Феликс! - деп жігітке жақындады да, оны құшақтап алды. Феликс оның бұл әрекетінен жеңіл шокта болды. - Келгенің қандай жақсы болды!
- Сенің алдыңда қарыздар болғандықтан келдім. Негізі жай шақырсаң да келуші едім. - деді Ликс сабырлы түрмен. Оның бұл жауабынан кейін Хванның жүзіне бірден күлкі үйірілді. - Солай ма?! Онда жүр - деп жігіттің қолынан ұстап алып, бір жерге ертіп әкетті...
* * *
- Бұл алаң арнайы скейт тебуге арналған, қазір бұнда ешкім жоқ болғанымен, бұрындары адамдар көп жүруші еді. - деді Хван өткенді есіне түсіріп. - Сонда... не себепті қазір бұл алаң бос? - деп Ликс қызығушылық білдірді. - Мына алаң біздің мектептің артында орналасқан ғой, мектептің атағы жаман болған соң, бұнда келушілердің де саны азайды. - М-м-м, мәселе осында екен ғой. - деді Ликс ақырын ғана - Хёнджин, негізі менің саған бір сұрағым бар еді?
- Онда қоя ғой - деп Хван назарын жігітке аударды. - Сен бұл мектепте қашаннан бері білім алудасың және не себепті осы мектепке келдің? - Жалпы, былай, жоғары сыныптарды түгел осында оқып келемін. Ал осы мектепті таңдау себебіме келсем, мен келгенде бұл мектептің рейтингі қазіргіден әлдеқайда жоғары болатын. - Ого, түсінікті. - Оны қойшы, Ликс! - Жаңа ғана сен мені қалай атадың? - деді жігіт таңғалып. - Ликс. - деп Хёнджин жымиды да - Бұлай атауыма бола ма? - Негізі мені ағам солай атайды! - деді Феликс күліп. - Енді міне сен де! Хёнджин, қате түсінбе, әрине солай атасаң болады! - Ондай болса келістік! - деді Хван да күлімдеп. - Кеттік скейт тебейік...
* * *
Бүгінгі күздің жылы кешінде Феликс пен Хёнджин бұл саябақта күн батқанға дейін бірге уақыт өткізді.
Негізі Ликс скейт тебе алмайтын еді, алайда жанында Хван тұрғанда ол не үшін уайымдасын?! Оның көмегімен жігіт бұл өнерді тез-ақ меңгере алды. Әрине басында бірнеше рет құлаған еді, алайда сондай кездері Хёнджин оған әрдайым демеу бола білді... Оған қоса екеуі бүгін ұзақ әңгімелесті, бұл диалог барысында бұлар бір-бірін жақынырақ танып, бір-біріне жақындай түскендей болды...
* * *
Ертеңгі күні. Мектеп. Бүгін Ликс сабаққа кешікпей, тіпті жарты сағатқа ерте келіп алды, бұған өзі іштей қуанышты да еді. Екінші қабатқа көтеріліп, сыныптың есігін ашты. Бұнда ешкім жоқ деп ойлап еді, алайда Феликстің таңданысына орай, бөлме бос болмай шықты. Мұнда Минхо отыр екен...
4-бөлімнің соңы
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!