Кездесу деп осыны айт!

24 августа 2022, 00:18

3-бөлім

Бұларды оқып отырып, Лисктің бір түсінгені: бұл "KMHS мектебі" - Сеулдегі ең криминалды жоғары мектептердің бірі болып саналады екен, бұнда төбелестер де жиі болып тұрады, соған байланысты мектепте көптеген жазалау шаралары да қарастырылған деседі. Ойға батып отырған жігіттің телефоны кенет шырылай жөнелді, Феликс гаджетіне қараса, бұл ағасы Ли Чон Сок екен, бұны көрген жігіттің жүзіне лезде күлкі үйірілді де, тұтқаны бірден көтерді: - Хён! - деді жігіт көтеріңкі көңіл-күймен.

- Ликс, қалайсың? Бәрі жақсы ма? - Эх-х, сен хабарласқан соң жақсы болып қалдым! - бұны естіген ЧонСок сәл күлімдеді де: - Не болды?! Жаңа мектебің ұнамай қалды ма?! - деді тұтқаның арғы жағынан. - М-м-м, білмеймін. Мектеп жаман емес секілді. Сынып жетекшім де мейірімді. Бірақ, бұл әрине, сырт көзге ғана екенін білдім! - Түсінбедім, неге бұлай дейсің? - Я-я, ХЁН! Сен бұл мектеп жайлы тым болмаса ғаламторды ашып оқыдың ба?! - Жоқ, онда не делінген?! - деді ЧонСок таңданып. Феликс терең күрсінді де: - Өзім де солай екенін біліп едім! - деді ақарын ғана. - Сонымен онда не жазылған?! Тезірек айтшы!

- Бұл жоғары мектептің криминалдық деңгейін білсең ғой, хён! Оған қоса тілшілер де осы тақырыпқа сан түрлі мақалалар жазып тастапты! - деп Феликс таңданысын білдірді. Чон Сок болса сәл ойланды да: - М-м, түсінікті, саған жаңа мектеп іздестіре берейін. - деді. - Мектептегі балалардың бірінің айтуынша, сол мектептің оқушыларын басқа мектептердің қабылдап алуы екі талай көрінеді. Соған қарағанда, бұдан енді бірдеме шығады деп ойламаймын. - Я-я, Ликси, сен менің кім екенімді ұмытып қалған секілдісің ғой! Мен міндетті түрде бір жолын табымын, уайымдама! Оған қоса, сен онда көп болған да жоқсың ғой, үлгерімің де жақсы. - Жара-а-айды, саған сенейін... - аздаған үнсіздіктен кейін, Феликс қайтадан сөздерін жалғастырып: - Хён, сені сағынып кеттім - деді ақырын ғана. - Ликси-и-и, мен де сені сағындым! Алайда, жұмысым қолыма байлау болып тұр. Чеджудодағы жұмыстарым біткен соң, бірден Сеулге қайтып келемін! - Рас айтасың ба?! - Әрине, мен қашан уәдемде тұрмап едім?! - Я-я! Өткенде осылай деп алып, Пусанға кетіп қалған кім еді?! - деп жігіт шамданды. - Ахаха, Ликс! Осы жолы шын сөзім! - деді ЧонСок күліп...

                                  *  *  *

Ертеңгі күні Ликс сабаққа бару үшін ерте тұрамын деп алып, ұйықтап қалған екен. Барынша тез жуынып, киініп, тамақтанбай шықса да, үлгермей қалатын секілді... Үйден асығыс шыққан жігіт бар жылдамдығымен мектепке қарай жүгіре жөнелді. "Ащть! Неге ұйықтап қалдым екен?! Кеше көп шаршамаған да едім. Қалайша оятарды естімей қалдым? Кеше жазадан оңай құтылсам да, бүгін кешіккенім үшін қақпаның алдында тізерлеп отыратыным анық!" - деп ойлады жігіт іштей. Феликс мектептің майына тез-ақ жетіп үлгерді, қараса, кешегі жерде тағы да Хёнджин жүр екен. Дәл кешегідей қызыл керпіштен салынған биік қашаға секіріп шықты да, артына бір бұрылып қарап, жігітті байқады. Феликс болса аптығып кеткен, бүгін оның жазадан құтылмайтынын түсінген Хёнджин оған көмектеспекші болып: - Сен сол жерде тұра бересің бе, әлде... - деп жігіт қолын Ликске қарай созды. Бұл әдістің жазадан құтылудың жалғыз жолы екенін түсінген Феликс көп ойланбастан жігіттің қолын алды. Хёнджиннің көмегімен ол да қашаға шығып, арғы жаққа қарай секіріп түсті. - Рахмет! Сен мені бүгін құтқарып қалдың - деді Ликс жігітке қарап. - Мен саған жайдан жай көмектескен жоқпын, Феликс Ли, бұның орнына сен менің бір өтінішімді орындау керексің - деді Хёнджин күлімдеп.

- Окей, құлағым сенде. - Хван Ликске қарай жақындады да, сәл иіліп: - Бүгін кешке, мектептің артындағы саябаққа кел - деп дәл құлағының түбіне сыбырлады да, кешегідей бір көзін қысып, кетіп қалды. Феликс не болғанын түсінбей, бір орында қатып қалғандай болды.

Pov Felix Бұл... жаңа ғана... не болды өзі?! Мына жігіттің ойында не бар екенін түсінсем бұйырмасын! Не үшін бұндай сүйкімді қылықтар жасай береді?! Ащть! Шынымен де! Феликс не ойлап кеттің, а? Сонымен... ол не деп кетті... бүгін кешке... саябақта?! Pov Felix end

                                  *  *  *

Түскі үзіліс кезі. Феликс әдеттегідей мектепті аралап жүр еді. Төменгі қабатқа түспекші болып, баспалдаққа жақындағанда, кенет алдынан бір жігіт шыға келіп, онымен абайсызда соқтығысып қалды. Сөйтсе, бұл кеше Ликс шатырда көрген жігіт - Минхо екен. Феликсті көрген соң Минхо оған жақындады да:

- Кездесу деп осыны айт! - деді сарказммен. - Жолдан былай тұрасың ба?! - деді Ликс сабырлы түрмен. - Ал егер тұрмасам ше?! - деп жігіт оған одан сайын жақындай түсті. Ликс болса ақырындап артқа қарай шегіне бастады. - Мен асығыс едім - деді Феликс оның көзіне тіке қарап. - Ал мен асығыс емеспін! - деп Минхо оған одан сайын жақындап, жігітті қабырғаға тақады. - Бәлкім, жақынырақ танысармыз?! - Өтінем, ары тұршы. - Минхо ақырын ғана басын шайқады.

- Ары тұра аласың ба?! - деп Феликс сөздерін қайталады. - Ал, ары тұрмасам ше?! - Онда... күш қолдануыма тура келеді. - Ал, қолдана ғой! Мен қарсы емеспін... Осы сәтте Хёнджин баспалдақпен төмен түсіп келе жатыр еді, кенет "Минхо, ары тұр деймін!", - деген Феликстің дауысын анық естіді. Хван жылдамдатып дауыс шыққан жаққа қарай барса, Минхо Феликсті қабырғаға тақап тұр екен. Бұл көріністі көргеннен соң, Хёнджиннің қаны бірден басына шапты...

3-бөлімнің соңы

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!