Белгісіз жігіт
24 августа 2022, 00:061-бөлім
Таң. Күн шуағы терезеден түсіп, ұйықтап жатқан жігітті оятты. Жігіт жұмсақ төсектен тұрғысы келмей, сәл жата тұрды да, бірден тұрып, терезеге жақындады, терезе тұтқасын ашып, айналаға зер салды. Күн шығыстан енді ғана шығып келеді екен, салқын самал желдің әсерінен ағаштардың жапырақтары бір-біріне тиіп, әдемі дыбыстар шығаруда, құстар болса өз әуендерін айтқандай, сайрап жатыр... "Бұл әлем сондай керемет!" - деп ойлады жігіт іштей. Бұл ақылына көркі сай жігіт - Феликс Ли еді, оны жай ғана "сымбатты" дегенім жарамас, ол "өте, тым сымбатты".
Оған бұрынғы мектебінде бүкіл қыздардың басы айналушы еді, және жігітке сезімдерін білдірген тек қыздардың ғана емес... Бүгін Ликс үшін маңызды күн, ол "KMHS жоғары мектебі" атты жаңа мектепке ауысып барады, алайда ол мектептің бұрынғы мектебінен қарағанда үлкен бір айырмашылығы бар - онда тек қана ұл балалар білім алады екен...
* * *
Жігіт жаңа мектебіне келе жатыр. Үстінде сол мектептің жаңа формасы. Құлағында құлаққап, мотивация беретін әуен тыңдап келеді. Жаңа мектебі мен Феликстің үйінің арасы 10 минуттық қана жер екен. Мектепке жақындап қалып еді, кенет бір жігіттің қызыл кірпіштен салынған, биік қашаға секіріп шығып бара жатқанын байқап қалды, ол жігіт болса біреудің көз қарасын сезгендей, қаша үстінде отырған күйі, Феликс жаққа мойын бұрып, зер салды... Ликстің байқағаны бойынша, бұл жігіт осы мектепте оқытын көрінеді, ол ұзын шашты, бойы да баршылық, сырт келбеті де көрікті жан екен. Кенет, әлгі жігіт оянғандай болып, қолындағы қол сағатына бір қарады да, Феликске қайта қарап, бір көзін қысып, сәл жымиды да, қашаның арғы жағына секіріп, түсіп кетті.
Феликс оның бұл әрекетінен біртүрлі болып қалды: - Бұл... жаңа ғана... не болды өзі?! - деп оянғандай болды да, қайтадан мектепке қарай бағыт алды. Мектеп қақпасына жақындап еді, бір орта жастардағы мұғалім мен қақпа бойында тізіліп, тізерлеп, қолдарын бастарына көтеріп отырған бірнеше жігіттерді көзі шалды. "Қап! Бұл мектепте кешігуге арналған жазалау шарасы бар екен ғой" - деп іштей ойлады да, бағанағы көрікті жігіттің не үшін солай жасағанын енді түсінгендей болды. Қақпаға жақындады да, әлгі мұғалімге қарап, сәл иіліп: - Сәлеметсіз бе?! Осы мектептің директорына қалай бара аламын? - деді жымиып. Әлгі кісі Феликстің түріне бір қарады да: - Сен бұл мектепке бірінші рет келіп тұрсың ба? - Иә, бірінші рет. - Жарайды, онда сені бүгін жазаламай-ақ қояйын. Бірақ есіңде болсын, кешігуге болмайды. Ал, директор кабинеті мына ғимараттың 1-ші қабатында, 111-ші бөлмеде. - Жақсы, түсіндім мырза. Рахмет - деп тағы бір изелді де, тез қадамдап кетіп қалды. Негізінде Феликс бұл мектепте бірінші рет емес, директор бөлмесі қайда екенін де білетін еді, тек мына жазадан құтылу үшін сәл айла қолдануына тура келді...
* * *
Феликс мектепке кіріп келе жатқанда, бір мұғалімді көріп қалып, сол кісіден жол сұрамақшы болады: - Сонсенним! - деп сол мұғалімнің жанына жақындады. Мұғалім жігіттің ерекше дауысын естіп, артқа бұрылды:
- Аннёнг! Сен жаңа оқушы боларсың? - Иә, мен жаңадан келдім. - Онсызда сені іздеп жүр едім, жақсы болды - деді мұғалім күлімдеп. Бұл мұғалім жас та, әрі тартымды еді. "Уау! Бұл мектепте бәрі сондай сымбатты ма?!" - деп ойлады Феликс іштей. Жылы жүзді мұғалім Ликстің түріне қарап, сәл ойланды да: - Ондай болса таныс болайық, есімім - Банчан болады, сенің жаңа сынып жетекшіңмін! - деп қолын ұсынды.
- Феликс Ли! - деп жігіт оның қолын қысты. - Сенің дауысың ерекше екен, түріңе қарап ондай деп ойлау қиын. - деп Банчан таңданысын білдірді. - А-а, иә, көбі солай айтады! - деді Ликс күлімдеп. - Жүр кеттік, саған біздің сыныпты көрсетейін...
* * *
Сынып бөлмесі. Шулаған оқушалар есік ашылғаннан кейін бірден тынышталып қалды. Есіктен Банчан сонсенним мен бір белгісіз жігіт кіріп келді. - Балалар, бізге жаңадан оқушы келген екен. Өзіңді таныстыра ғой! - деп Банчан жігітке қарады. Бәрінің көзі бұл жаңа жігітте. Феликс сыныптағы оқушыларға назарын аударды да, әлгінде мектеп қашасынан секіріп өткен әдемі жігітті бірден байқады, ол бала да бұдан көздерін алмай, қарап отыр. - Қайырлы күн. Мен Феликс Ли боламын. - деді жуан дауысымен. Бәрі сәл шокта болды: - О-о-о! - деген таңғалған дауыстар есілді. Банчан сәл ғана жымиды да, Ликске қарап: - Хёнджиннің жанында бос орын бар, сонда отырсаң болады - деп әлгі жігітті нұсқады.
"Демек, есімің Хёнджин екен ғой!" - деді Феликс іштей...
1-бөлімнің соңы
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!