Сипаттама:

25 августа 2022, 23:05

Тақырыбы: my SUNSHINE

Жанр: яой / достық / романтика / мектеп / pov

Басты кейіпкерлер: Хёнджин / Феликс

Қосалқы кейіпкерлер: Банчан / Минхо / Ли Чон Сок / Чанбин / Хан /  Сынмин / АйЭн

Бөлім саны: 10

                         Автор сөзі:

Кіріспені жазбадым, себебі арнайы дайындап қойған "трейлер-видео" бар еді, соны көрген кезде бәрін түсінесіздер, артық сөздің керегі болмас деп ойлаймын.

Оған қоса, фонды да осындай сарғыш-бежевый түсті қылып қойдым, сіздердің көздерінің ауырмасын деп ❣️

Сипаттамада байқағандарыңыздай, бұл фанфик - Хёнджин және Феликс жайлы болмақ, және бұл яой жанрында болады, неге десеңіздер, бірнеше себепті атап көрсетейін:

1) Негізі STAY ретінде көптен бері  STRAYKIDS жайлы фанфик жазғым келіп жүрген болатынмын. Алайда, сәті түспеген еді. Міне, осы жолдары қолым босаған екен, "неге олар туралы да жазбасқа" - деп ойладым.

2) Көпшілігіңіз менің биасымның - Хёнджин екенін білетін боларсыздар, бұл жайлы мен стористарда баяндағанмын. Былай айтайын, Хёнджин жайлы фанфик жазғым келді.

3) Менің тиктокта парақшам барын білесіздер ғой, сол жерде "Black and White" - атты видео-фанфик жасаған болатынмын, ол туынды Хёнджин мен Феликс жайлы еді, көпшілікке ұнап, жақсы пікірлерін де қалдырып кетіпті.

4) Соларды менің бір оқырманым көрген екен, сосын менен Хёнликс жайлы фанфик шығаруымды өтінді. Мен аздап ойланып, келістім. Негізінде, басқалардың сұрауы бойынша жазбайтын едім, тек өзімнің қалауым мен оқырманымның қалауы сәйкес келген соң, оның ұсынысын қабылдап, "Құпия" хикаясы біткен соң, Хёнликс жайлы фанфик жазып, шығарамын дедім. Енді, міне сөзімде тұрып жатырмын. Оған қоса, оқырманымнан жанрын да сұрадым,  "достық, әлде яой болсын ба?" - деп, ол "яой" деп жауап қайтарды, мен әрине келістім.

5) Яой - бұл ерекше жанр, бір жағынан өзімнің де осы жанрда туынды жазып көргім келді, "қалай болады екен?!" - деп те ойладым. Негізінде, осы жанрдағы дорамаларды қарағанмын, маған ұнады, бұл да бір себеп болар...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы жоғарыда атап өткен себептер менің ХЁНЛИКС жайлы ЯОЙ жанрындағы фанфик жазуыма түрткі болды. Яой жанры - маған өте ұнайды, егер сәті түссе, осы жанрда болашақта да тағы біраз туындылар жазғым келеді. Және де, кейбір жандарға бұл жанрдың ұнамауы мүмкін екенін білемін, алайда, маған негативті комменттер, пікірлер керек емес. "Яой" деген соң, "Ойбай!" - деп шошымаңыздар, менің артық кетпейтінімді білесіздер. Сол себепті де, алдын ала бәрін түсіндіріп жатырмын.

Ал енді осы туындыма келетін болсақ, сіздердің көңілдеріңізден шығады деп сенемін, себебі мен оны бар шабытымды салып жаздым. Сіздерден қолдау күтемін, мен үшін бұл өте-мөте маңызды екенін білесіздер...

         Шын жүректен: DarknesBerry 👑

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!