2-ші (соңғы) бөлім
25 февраля 2024, 18:38...Бір кезде сенің ойларыңды кенеттен шырылдаған есік қоңырауы бұзды... Сен көп ойланбай есікке қарай жақындадың да, кім екенін білу үшін есік көзәйнегіне қарадың, және бұл адамның Феликс екенін көргенде сені бір сәтке құдды тоқ ұрғандай сезім биледі. - О жоқ, ол бұнда не істеп жүр?! - деп ақырын ғана күбірледің - Қазір ол ұшақта болу керек еді ғой?! Шыны керек, оны келеді деп күтпеген едің... иә, жүрегіңнің бір түкпірі оны қалаған да шығар, дегенменде миың саған бос үміт бергісі келмей, ондай ойды жоққа шығарған еді. Не істеріңді білмей, бір орында қатып қалдың, "қазір үндемей қойсам кетіп қалатын шығар" деген ой басыңа сап ете түсті.
- С/а, өтінем, есікті ашшы - деді жігіт есіктің арғы жағынан. Сенің жүрегің Феликстің дауысының әсерінен жиірек соға бастады, бір жағынан қорқыныш, бір жағынан үміт. - С/а, мен сенің осында екеніңді білемін, өтінемін, сөйлесейікші... Ашпасаң, есікті сындырып кіремін - деді Феликс қатқыл дауысымен. Осы сөздерден кейін сен ақырын ғана есіктің тұтқасын бұрап аштың. Сенің жылаған көздеріңді және шашылған үйді көрген Ли бір сәтке шокта болғандай болды да, кейін жаныңа жақындап, сені ақырын ғана құшағына басты: - Жаным ау, сен не істегенсің?! - оның бұл сөздеріннен кейін сен өзіңді өзің ұстай алмай, көздеріңе тағы да жас үйірілді. - Болды, болды, С/а, мен сенің жаныңдамын, бәрі жақсы, бәрі жақсы... - деп жігіт сені сабырға шақырды. Кейін сенің көздеріңе тура қарады да, бетіңнен ұстап, көз жасыңды сүртті: - Неге бұлай жасадың? - деді жігіт ақырын ғана.
- Ал сен ше? Сен неге бұлай жасадың? - Түсінбедім. - Қазір ұшақта отыру керек едің ғой, неге сен кетпегенсің Австралияңа? - Қазір ол маңызды емес. - Маңызды! - Сен маңыздысың! - деді жігіт сабырлы дауысымен - Мен үшін сен маңыздысың! - оның бұл сөздерінен кейін сен үшін бүкіл әлем қатып қалғандай болды, тек жігіттің сөздері ғана жаңғырықтай болып, сенің жүрегіңе жеткендей. - Мен үшін сен маңыздысың! Иә, біз жай ғана ең жақын достар болдық, алайда мен бұл достықты бұзғым келеді. - деді жігіт сенің жанарыңнан көздерін алмай. - Н-не? - дедің түкте түсінбеген сен дауысың дірілдеп. - Менің бүгін түсінгенім - сен үшін жай ғана дос болғым келмейді, менің саған деген сезімдерім одан да жоғары екен, мен одан да көп заттарды қалаймын. - Сенің не дегің кеп тұр өзі? - Өтінемін, С/а, мені соңына дейін тыңдашы, менің саған айтқым келгені - мен сені жақсы көремін, және де тек дос ретінде ғана емес, сен маған одан да қатты ұнайсың... мен сені сүйемін... - Бұл сөздерді естігеннен кейін жүрегің құдды бір кеудеңнен ұшып кетердей, ал ішіңде көбелектер ұша бастағандай сезімде болдың... Бірер минут бұрын ғана қайғы-мұң үшін жылаған көздеріңнен енді қуаныштан моншақтай-моншақтай көз жастарың төгіле бастады... Сен де жігітті жақсы көретін едің, Феликске деген сезімдеріңнің тек достық сезімнен артық екенін баяғыда-ақ сезген едің... Алайда екеуіңнің достықтарыңды бұзуға дәтің жетпеді... Сезімдеріңді айтқың-ақ келген еді, алайда Феликсті мүлдем жоғалтып аламын ба деп қорыққан едің... енді қазір өз құлағыңа өзің сенбей, түс пен өңнің арасында тұрғандай күй кешудесің... - С/а, сенде бәрі жақсы ма? Мен артық айтып қойдым ба? Кешірші мені, мен сенің көз жасыңа себепші болғым келмеген едім... - деп жігіт сен үндемей жылап тұрғандықтан не дерін, қалай әрекет етерін білмей қалды, тек сен үшін қатты уайымдап тұрғаны көздерінен-ақ көрініп тұр. -
Егер сенің маған деген сезімдерің менікіндей болмаса, яғни айтқым келгені, егер мені жігіт ретінде жақсы көрмесең... сені қинамаймын, алайда сені ешкімге де бергім келмейді, және сен үшін тырысатын боламын, және... - деп жігіт тоқтаусыз сөйлеп жатқанда сен оның ауызын ақырын ғана алақаныңмен жаптың да: - Феликс... сен ешқайда кетпейсің ғой иә?! - деп үміттене жігітке қарадың. Сенің қолыңды жігіт ақырын ғана қолдарына алып, қолыңнан нәзік сүйді де:- Ешқайда кетпеймін, әрдайым, әрдайым жаныңда боламын, кетсем бірге алып кетемін - деді жігіт көздерін сенің жанарыңнан алмай. - Кетпе, жанымда бол - деп сен оны құшақтай кеттің - сен кетсең, мен ауасыз қалғандай боламын... сен менің жүрегімнің ажырамас бір бөлігісің... мен де, мен де сені сүйемін - дедің сен тәтті дауысыңмен. Феликс сенен бұндай жауап естимін мүлдем деп ойламаған секілді, бір сәтке қатып қалғандай болды да, кейін есін жиған соң, сені ешқашан жіберместей қаттырақ құшақтай түсті...
Соңы
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!