Өзгеріс

10 июля 2025, 10:31

Таңғы ас уақыты.Екі қос ғашық әдемі таңғы ас жасауда.Жұмыртқа, қызанақ, қиярды әдемілеп турап, табаға салып пісірді.Екеуі де өте көңілді, арасында бір-бірін құшақтап қояды.Жүздерінде күлкі мен қуаныш үйіріліп тұр.-Ал, қане таңғы асымызды ішіп алайық, бүгін жұмыстан ертерек қайтамын, егер қаласаң, кешкі уақытты бірге өткізейік-деді Дарын жымия.

-Әрине, ас болсын жаным-деді Ләйлім.-Сағанда, ас болсын жаным-деді Дарын.

Екі жұп таңғы астарын ішіп-жеп аяқтады.Дарын Ләйлімге дастарханды жинауға көмектесіп, әріқарай жұмыс орнына машинамен кетті.

Біраз уақыттан соң, Ләйлімнің жүрегі шанши бастады, құдды бір жамандықты сезіп тұрғандай күйге бөленді.Тынышталып, ас үйден жылы су құйып, ішіп алды.Бірақ сонда да өзін жайсыз сезінді.Сәлден соң, теледидар көргісі келді.Теледидарда жаңалықтар көрсетілді.Сол сәтте, көрсетіліп жатырған жаңалыққа Ләйлімнің көзі түсті.Жаңалықта:

"-Бүгінгі таңдағы жаңалыққа назар салайық.Түскі сағат 13:00де Төле би 101 көшесінің бойында аса ауыр жол апаты орын алды.Жаяу жүргіншілер бойында қатты жылдамдықпен келе жатырған көлік, жаяу жүргіншіге келіп соқтықты.Оқиға орнынан көлік жүргізушісі қашып кетті.Ал жаяу жүргінші қатты жараланды."

Болып жатырған жаңалықта, Ләйлім жаяу жүргіншінің Дарын екенін бірден байқады.Тұла бойын қара күш басқандай, көздеріндегі жас үйіріле еріксіз шықты.

-ЖОООҚ, Жоооқ, Дарын, жооқ-деп Ләйлім қатты жылай бастады.Дереу үйден шығып, такси тоқтатып, ауруханаға қарай бет алды.15 минут өткен соң, Ләйлім ауруханаға келіп жетті.

-Сәлеметсізбе, осы аурухана Дарын Амангелді есімді науқас түсті ме екен?-деді Ләйлім.-Сәлеметсізбе, иә, Дарын Амангелді 105 ші палатада, 2ші қабатта-деді медбике.-Үлкен рахмет-деді Ләйлім.Дереу 2ші қабатқа лифт арқылы көтеріліп, Дарын жатқан  палатаға келді.-Дәрігер, дәрігер Дарынымның жағдайы қалай? айтыңызшы-деді Ләйлім.-Сіз, бұл кісінің кімі боласыз?-деді Дәрігер.-Мен Дарын Амангелдінің әйелімін-деді Ләйлім.-Дарын Амангелдіге қазір ауыр ота жүргізіліп жатыр.10-15 минут күтіңіз.Ота аяқталған соң, ішке кірсеңіз болады-деді Дәрігер.

-Рахмет, дәрігер-деді Ләйлім.

Жаным-ау, жаным менің, қалайша мұндай жағдайға тап болдың жаным-ау, мен үшін тезірек сауығып кетші жаным, сенімен әр күнімді бақытқа толы өткізгім келеді жаным, мен үшін тірі қалшы жаным-деп ауыр күрсіне Ләйлім қатты жылады, ешнәрсеге мүлдем зауқы болмады, тек бар ойы сүйіктісі -Дарын ғана.

15 минут өткен соң, ота аяқталды.Дәрігер Ләйлімге хабарландыру айтты.-Ләйлім ханым, Дарын Амангелді науқастың отасы сәтті аяқталды, бірақ ескере кететін бір жаңалық бар.Дарын Амангелдінің ми бөлімінің жарты кішкене бөлігі қатты зақымдалған.Сол себепті барынша мұқият болыңыз.Өмірінде өткерген көп жағдайлар мен сәттерді есіне түсіруге көмек беруіңіз қажет-деді Дәрігер.

-Иә, дәрігер, түсінікті, күйеуімнің толық жазылуына бар күшімді саламын.Қазір палатаға кірсем бола ма?-деді Ләйлім.

-Иә кірсеңіз болады, 10 минут ғана кіре аласыз, науқасты артық мазалауға болмайды-деді Дәрігер.

-Сізге көп рахмет-деді Ләйлім.

Ләйлім, ақырын ғана 105ші палатаға кірді.Үстіне ақ киім және ақ киімде көк түсті гүлдері бар, іш киім секілді кең балақты шалбар мен жеңіл, ұзын жеңді жейде киген, бас бөлігінің жарты шеті ақ мәрлімен қапталып оралған Дарынды Ләйлім көріп, қасына келіп отырды.Дарынның қолын сүйіп, құшақтап мауқын басты.

-Дарын, жаным менің, аман қалғаныңа сансыз шүкір, сенсіз өмір сүре алмаймын ба-деп қатты қорықтым жаным-деп Дәйлім көзіне жас алды.

-Сен кімсің, сен мені танисың ба?-деді Дарын.

-Иә, мен сенің әйеліңмін.Сенің әйелің-Ләйлім.Біздің үйленгенімізге 2 жыл болды-деді Ләйлім.

-2жыл, қызық екен-деді Дарын.Ләйлім, өз күйеуінің әйелін танымағанына қатты қапаланып қалды.Дарынға не айтарын, қалай жеткізерін мүлдем білмеді.

-Уайымдама, мен жазылып кетемін, Сен менің жанымдасың ғой, жылама-деді Дарын.

-Иә, иә жаным, сен жазылып кетесің-деді Ләйлім.

Олар ауруханада 3 күн болды.Ләйлім 3 күн бойы Дарынға қамқор болды, күнделікті дәрі-дәрмектерін ішкізіп, берілетін таңғы, түскі, кешкі асты Дарынға уақытылы беріп отырды.Дарын сол 3 күн бойы ақырын-ақырын ғана оқиғаларды есіне түсіре бастады.Бұл Ләйлім үшін басты қуаныш болды.3күннен соң, Ләйлім Дарынды ауруханадан шығарды.Дәрігердің берген дәрі-дәрмектері мен күнделікті күтімді біліп, Дарынға уақытылы ем жасап отырды.

Таң атты.Ләйлім таңғы 8де оянып, ас үйге бет алып, таңғы ас жасауға кірісті.Бір кезде Дарын төменгі қабатқа қарай өзі келіп түсті.

-Жаным, қайырлы таң, маған ескертпедің бе, сені өзім жетектеп әкелетін едім ғой-деді Ләйлім.

-Қайырлы таң, Ләйлім.Менде бәрі жақсы.Өзім жүріп, төменге түскім келді-деді Дарын.

-Жақсы, жүр жаным, саған таңғы ас дайындадым, саған таңғы асты өз қолыммен беремін, тыныш отырып тамақтан-деді Ләйлім.

-Жарайды, қарсы емеспін-деді Дарын.

Екеуі таңғы астарын ішіп болған соң, Ләйлім Дарынды жетектеп керуетке әкеліп жатқызды, сол сәтте Ләйлім Дарынмен бірге керуетке құлай жөнелді.Екеуінің көздері түйісіп, қатып тұрған мұздай болды.Ләйлім орнынан тұра бергенде, Дарын оның қолынан ұстап, өзіне қарай тартты.

-Қайда бара жатырсыз, Бикешім, тағы кішкене қасыма жата тұршы-деді Дарын.

Ләйлім таңғалған күйде, Дарынның қасына жатты.-Иә, иә-деді Ләйлім.

-Сізден бір жылу сезіледі, тұла бойым сіз бар кезде еріген жұмыртқадай балқи түседі.Сізді бір рет сүйсем бола ма-деп Дарын өтініш білдірді.

-Иә, сүйсең болады-деді Ләйлім.

Дарын Ләйлімнің нәзік ернінен ұзақ сүйе бастады.Ләйлім де оны бар құштарлана сүйді.Сүйтіп олар 15 минут бойы табиғаттың таңғажайып тыныштық әлемінде болғандай бір-бірінің жылуын сезінді.

-Сізге менің сүйгенім ұнады ма?-деді Дарын.-Иә ұнады-деді Ләйлім.-Сенің есіңе бірнәрсе түсті ме?-деді Ләйлім.-Иә, ақырын есіме түсе бастады.Бірақ сіздің менің өмірлік жарым екендігіңіз есіме толық түсті-деді Дарын жымия.

Мұны естіген Ләйлім, аспанға қуана секіре, Дарынды құшақтап жылады.-Жаным менің, жаным, көп рахмет жаным, мен сен үшін қатты қуаныштымын-деді Ләйлім.-Бірақ мен толық жазылмадым, егер сен менің жанымда жатпасаң, мен толық жазылмаймын-деп Дарын жымиды.-Сен толық жазылу үшін бар өмірімді тігуге дайынмын-деді Ләйлім.

Арада 1 ай шамасы өтті.Дарын өткен айдағыдан да толық сауыға түсті.Өткен өмірі мен қазіргі күйдегі өмірін есіне толық түсірді.Кешкі уақыт.кешкі ас кезі.-Жаным, кешкі асқа кел, саған тауық еті қосылған макарон мен алма мен банан дәмі қосылған шырын дайындадым, кешкі асымызды ішіп алайық-деп Дарын бар дауысымен Ләйлімді шақырды.-Ооо, менің құрметті күйеуім, Дарыным, жанымм, мына тағам мен сусынды ел-жұртқа "менің күйеуім дайындады" десем толықтай сенбейтін болар.Мына тағамның иісі мұрнымды жарып барады.Қане, ыстықтай жеп алайық, жаным-деді Ләйлім.

-Ал, ас болсын жаным-деді Дарын.-Сағанда ас болсын жаным.Мммм, не деген дәмді тағам, шеф-повардан кем емес-деді Ләйлім.-Рахмет жаным, ұнағанына қуаныштымын-деді Дарын.Кешкі асты екі жұп ішіп-жеп болған соң, дастархан орнын жинастырды.Сәлден соң, Дарын Ләйлімге:-Жааным, Ләйлігім, осы үйге екеумізден басқа жаңа мүшелер керек емес пе?-деді Дарын.-Қалай? Түсінбедім, үйге кімдер келеді?-деді Ләйлім.-Біздің үйге, отбасы мүшелерін толықтыру керек-деп Дарын жымия жауап айтты.-Иә, толықтыру керек, бүгінгі кешкі астың сыйлығы ретінде, отбасы мүшемізді жаңартуға түнге дайынмын-деп Дарынға қарай мөлдір көзімен жақындай түсті.-Мен қарсы емеспін, қуаныштымын-жаным деп Ләйлімді құшақтап алды.

Үстіңгі қабатқа екеуі бір-біріне еркелікпен қарап жымия бөлмелеріне кірді.Екеуі бір-бірін ұзақ сүйіп, тәтті кештерін жалғастырды.

Таң атты.Күннің сәулесі, терезе әйнегінен өтіп, одан терезе жапқышынан өте келе, Ләйлімнің әсем бейнесіне жылтыр шуақтай төгіле түсті.Ал жылтыр шуақ Ләйлімнің тәтті ұйқысын лезде аша жөнелді.-Мәссаған, таң атыпты ғой, Дарын, Дарын тұршы жаным-деді Ләйлім еркелеп.-Қайырлы таң, Ләйлігім, қалай ұйықтадың? бәрі жақсы ма?-деді Дарын.-Қайырлы таң жаным, мен өзімді біртүрлі сезініп тұрмын, жүрегім айнып, басым қайта-қайта айналып тұр-деді Ләйлім.-Жаааан, Жааан, бұл жүкті..жүктіліктің белгісі емес пе?-деді Дарын.-Алдымен тексеріліп, Дәрігерге көрінейік-деді Ләйлім.-Жақсы жаным-деп Дарын таңғы ас жасауға кірісті.

Дарын бар өнерін сала отырып, әдемі таңғы ас жасауға кірісе кетті.Тоңазытқыштағы екі жұмыртқаны отта жанып тұрған ыстық табаға селк ете жарды, оның үстіне дөңгелектеп туралған қызанақ пен қиярды салып, аз ғана мөлшерде тұз бен бұрышты сеуіп, пісірді.Таңғы астың иісі Ләйлімнің бөлмесіне дейін жаулап алды.Сәлден соң, Дарын Ләйлімді таңғы асқа шақырды.-Жан, жаным, таңғы ас дайын, кел-деді Дарын.-Иә, жан, бара жатырмын-деді Ләйлім.

-Мммм, не деген дәмді ас, менің алтын күйеуімнің қолынан келмейтіні жоқ, жарайсың жаным-деді Ләйлім.-Рахмеет, жаным, алғысым шексіз, ас болсын-деді Дарын.-Рахмет жаным, сағанда ас болсын-деді Ләйлім.

Екі жұп таңғы астарын ішіп болған соң, дәрігерге қаралуға барды.Аурухана.-Жан, мен қорқып тұрмын, мүмкін жүкті емес шығармын-деді Ләйлім.-Жан, уайымдама, сен маған ауадай керексің-деді Дарын.

Дарын мен Ләйлім Дәрігерге қаралуға палатаға қарай бет алып кірді.Ләйлім өзінде болған жағдайды Дәрігерге түсіндіріп айтты.-Дәрігер ханым, бүгін таңертең жүрегім айнып, өзімді біртүрлі сезіндім, басым да айнала кетті, бір тексеріп бересіз бе?-деді Ләйлім.-Ал жақсы Ләйлім ханым.Қане, мына керуетке жатыңыз.Сіздің ішкі құрылысыңызды тексеріп қарайын-деді Дәрігер ханым.

-Иә, Дәрігер ханым, бірдеңе көрінеді ме?-деді Ләйлім.-Әзірге ешқандай нәрсе көрінбейді.А жоқ, тоқтай тұрыңыз.1,2.Мәссаған!!!-деп Дәрігер ханым екі жұпқа:-Ләйлім ханым сіздің құрсағыңызда егіздер бар.Яғни сіздер екі дүркін ата-ана боласыздар-деді Дәрігер ханым-Нееее, мүмкін емес, Дарыын, ДАРЫЫЫН, ДАРЫЫЫН, ДӘРІГЕРДІҢ АЙТҚАНЫН ЕСТІДІҢ БЕЕЕ ЖАНЫЫЫМ-деді Ләйлім бар дауысын қуанышты күйде жар сала айтып.-Әрине, жаным, естідім, өте өте қуаныштымын-деді Дарын Ләйлімнің маңдайынан екі рет сүйіп.-А,Дәрігер олардың жынысы қашан белгілі болады?-деді Ләйлім.-1аптадан соң келіңіздер, сол кезде жынысы белгілі болады-деді Дәрігер ханым.-Жақсы, көп рахмет, Дәрігер ханым-деді Дарын.-Оқасы жоқ-деді Дәрігер ханым.

Екі жұп, ауруханадан шығып, үйлеріне қарай көлікпен жөнелді.-Менің қымбатты, Ләйлімім, Ләйлігім ана атануыңмен шын жүректен құттықтаймын, бұйыртса егіз сәбилерімізді қолымызға алып-бақытты ғұмыр кешуімізді жалғастыра түсейік-деді Дарын.

-Дарыным, менің Дарыным, рахмет жаным, сені де екі дүркін әке атануыңмен шын жүрегіммен құттықтаймын-деді Ләйлім.

Күндер өтуде.Ләйлімнің де екі періштесін дүниеге әкелуге айы да жақындап қалды.Мына өмірде жолықтырған, ең адал, ең сымбатты, ең қамқор, ең мейірбан күйеуі Дарын да күн сайын өззінің сүйікті әйеліне қамқорлық жасаудан қашқан емес.

Бір аптадан соң, екі жұп ауруханаға сәбилерінің жынысын білу үшін келді.-Жан қалай ойлайсың? Екі ұл, екі қыз, немесе бір ұл мен бір қыз-деді Ләйлім.

-Қандай балалар болса да, олар мен үшін қымбат болады жаным-деді Дарын.

Аурухана келген соң, Палатаға кіріп, тексерілуге кірісті.Дәрігер Ләйлімнің құрсағын аппарат арқылы қарап, монитордан анықтап көрді.-Құттықтаймын сіздерді.Сіздерде бір ұл, бір қыз, яғни егіздер-деді Дәрігер ханым.

-Жан, жан, мен бақыттымын-деп екеуі бір-біріне мейірлене қарады.Күндер өтуде.Дарын жарына қамқорлық танытып, күн сайын жарының жағдайын жасап отырды.Қуанышты және мұңды күндерінде қасында болып, Ләйлімнің көңілін аулады.Оған нағыз күйеудің әкелік және күйеулік қызметін шын жүрекпен көрсетті.

Бір күні екі жұп таңғы ас ішіп отырған кезде Ләйлімнің туу уақыты жақындап қалады.-Ааааааа, Дарын, жаннннн, жаааан, мен қазір егіздерді туааааамын, тезіреек ауруханағаааа кету керееек-деп Ләйлім бар дауысымен жар сала сөйледі.-Иә, иә жааан, қазір сені көтеріп апарамын-деді Дарын асығыстана.

Екеуі көлікке отырып, дереу тезірек ауруханаға қарай тез жөнелді.Ауруханаға жеткен соң, Ләйлімді дәрігерлер босану бөлмесіне алып кете берді.-Иә, Құдайым, Ләйлім аман-есен босанса екен, Ләйлімімде бәрі жақсы болса екен деп-Дарын дұға-тілегін үзбеді.-Сіз, Ләйлім Мейірімқызының күйеуісіз бе?-деді дәрігер.-Иә, иә, күйеуімін-деді Дарын.-Мына құжаттарды толтырсаңыз-деді Дәрігер.-Иә, иә жарайды-деді Дарын.Арада, 1 сағат уақыт өтті.Босану уақыты аяқталғаннан соң,Дәрігер палатадан шығып:-Құттықтаймын, Дарын мырза, сіз Әке атандыңыз, әйеліңіз Ләйлім де, екі сәби де дін аман деп-Дәрігер жауап берді.-Көп-көп рахмет, палатаға кірсем бола ма?-деді Дарын.-Иә кірсеңіз болады, тек 15 минут уақытқа ғана-деді Дәрігер.-Жақсы, рахмет-деді Дарын.

Палатаға кірген сәтте екі сәбиінің қасында күлімдеп жатырған ананы көргенде Дарынның жүрегі елжірей түсті.Өзінің Әке, ал әйелінің ана атанғанына қатты қуанды.

-Жандарым, шуақтарым, күндерім менің, жаным Ләйлімім, маған екі бірдей періштелер сыйлағаныңа рахмет жаным–деп Ләйлімнің маңдайын көз жасы қуаныштан толған күйде ақырын сүйді.

-Оқасы жоқ жаным, бұл періштелер біздің бақытымыз, біздің қуанышымыз, біздің байлығымыз деп-Ләйлім күлімдеп айтты.

-А, айтпақшы жан, үйдегілерге хабар береміз бе?-деді Дарын шаттана.-Иә, иә ұмытып кете жаздадық ғой-деп Ләйлім телефон іздей бастады.

-Міне телефон, қазір ата-анамызға қоңырау шалып, жаңалықпен бөлісеміз деді-Дарын.

Екі жұп, екі жас ата-ана, жүздеріндегі қуаныштарын бөлісу үшін ата-аналарына қоңырау шалды.Телефон тұтқасын Ләйлімнің әкесі алды.-Алло, иә Дарын балам, қалайсыңдар? Ләйлімім қалай?-деп әкесі жауап берді.

-Әке, біз шүкір жақсымыз, өздеріңіз қалайсыздар? сіздерге қуанышты жаңалығымыз бар, Әке-деп Дарын шаттана жауап берді.-Біз жақсымыз балам, иә қандай жаңалық деді Ләйлімнің әкесі тағатсыздана күтіп.

-Әке, сүйінші Ләйлім екеуміз АТА-АНА АТАНДЫҚ, ЕНДІ СІЗДЕР БІР ЕМЕС, ЕКІ ПЕРІШТЕНІҢ АТА-ӘЖЕСІЗДЕР-деп қуаныштан мейірлене жүрегі нәзік соғып қуанышын білдірді.-Мәссаған, бұл керемет жаңалық ғой балам, қазір қайдасыңдар? анаң екеуміз сол жерге барамыз-деп Ләйлімнің әкесі де қатты қуанды.-Әке, біз қазір ауруханадамыз.Сіздерге мекенжайды айтайын-деді Дарын.

-Иә, Иә балам айта ғой-деді Ләйлімнің әкесі.

Сөйтіп, Дарын әкесіне аурухананың мекен жайын айтты.Ата-әже болатындарын естіген Ләйлімнің ата-анасы бұл қуанышты көру үшін қатты тағатсызданды.Алғашқы жиен немерелері олар үшін үлкен бақытпен тең болды.

Арада 3 сағат уақыт өтті.Дарын мен Ләйлім ата-аналарын ұзақ күтті.Жүректері құдды бір жайсыз сезінгендей күйге түсті.Ләйлім өзін біртүрлі жағымсыз сезініп:-Жаным, ата-анамыз неге келмей жатыр екен? тағы қоңырау шалып көрші-деді Ләйлім.

-Жарайды жаным-деді Дарын.

Дарын әкесіне қоңырау шалғанда телефон тұтқасын бір бейтаныс адам алды.-Алло, бұл кім екен? менің әкем қайда?-деді Дарын.

-Сіз бұл кісілердің күйеубаласыз ба?-деді бейтаныс адам.-Өкінішке орай, бүгін сағат 13:00де көше бұрылысында көлік апаты орын алып, сіздің ата-анаңыз апаттан қаза тапты-деп айтты.

-Жоқ, жоқ, бұл мүмкін емес, жоқ-ЖОҚ-ЖОҚ-ЖОҚ, ЖООҚ-ЖОҚ, жоқ, олар қайтыс болған жоқ, олар бізді тастамады, жоқ-жоқ-деп Дарынның жүзіндегі күлкі мен қуаныш сейіліп, бар жүзін мұң басып, көздері ащы жасқа тола кетті.

-Дарын, жаным, ата-анамызға не болды? айтсаңшы-деді Ләйлім уайымдап.-Ләйлім, саған тынығып демалу керек.Екі періштемізге күтім қажет.Олар енді ата-әжесін бұл өмірде көрмей өседі жаным-деп Дарынның көзіне жас қайта тола түсті.

-Не айтып тұрсың? Жан? қалайша? менің ата-анам қайда? олар қайда? Жан?-деп Ләйлім жылауға шақ тұрды.-Ләйлім, жаным, әкемізге қоңырау шалғанда бейтаныс адам, ата-анамыздың кккөлік...көлііік...көллліккк..ааапатынан...апатыынаан...қаза тапқаныыын айтты...айтттыы-деп Дарын дірілдеп тұрып әрең айтып жеткізді. -Жоқ, жоқ, Жан, жоқ, олай болмайды, бізді тастап кеткен жоқ, олар жай ойнап жатыр, жай бізді тексергісі келгендері ғой, жоқ, жоқ-жоқ, жан, ОЛАР ТІРІ ЖАН, жоқ олар ТІРІ ЖАН, тірі олар жан, ббізді тастамады, олар келеді жан, жоқ олар тастамады-деп Ләйлім талып құлап қалды.

-Жан, жаным, жан, көзіңді аш жан, саған не болды жан, Дәрігер, медбике, дәрігер-әйелім талып қалды-деп дәрігер мен медбикені Дарын шақырды.

Тез арада Дәрігер мен Медбике келіп, Ләйлімді қайта қарады.Палатадан шығып:-Дарын мырза-деді Дәрігер.-Иә, дәрігер, менің әйеліме не болды-деді Дарын.-Жаңа босанған әйелдерге қатты күйзеліске түсуге, және ауыр жаңалықтар мен жағдайларды айтуға болмайды.Егер бұлай әріқарай 40 күн ішінде жалғасын тауып болса, әйеліңіздің жағдайы нашарлар кетуі мүмкін, мұның соңы жақсылыққа апармайды.Сол себепті әйеліңізге және сәбилеріңізге қамқор болыңыз-деді Дәрігер.-Иә дәрігер.Мен отбасыма, әйелім мен сәбилеріме қамқор боламын.Біздің ата-анамыз көлік апатынан қаза тапқан соң, жанымызды біреу суырғандай күйге түстік-деді Дарын жылап.-Иманды болсын.Бекен болыңыздар.Айтпақшы, анық-қанығына көз жеткіздіңіз бе? қазіргі уақытта қылмыстық топтар өте көп.Сол үшінде шындықтың түбіне көз жеткізіп алыңыз-деді Дәрігер.

-Иә рахмет сізге-деді Дарын.

Ұзақ уақыттан соң, Ләйлім көзін ашып оянды.Дарын оған қамқор болды.-Жан, ояндың ба? Жан саған бірнәрсе айтуым керек-деді Дарын.-Иә жан, айта бер -деді Ләйлім-Жан, манағы айтқан жаңалықты қайта тексеріп, анық-қанығына көз жеткізуіміз керек.Мұны маған дәрігер айтқан.Қазіргі таңда қылмыстық топтар көп жүрген соң, мұндай қорқынышты әрекеттерге де баруы мүмкін деп маған айтқан болатын.Мен бұл істі полициямен бірге қолға аламын.Мүмкін ата-анамыз тірі болар-деді Дарын жүрегіндегі ауыртпалық бір сейілгендей.

-Мәссаған, иә жан, мен сені қолдаймын.Ата-анамыз тірі.Мен бұған сенімдімін-деді Ләйлім.

-Иә жаным, рахмет саған.Сені шын жүрегіммен сүйемін деп Ләйлімнің нәзік, жұмсақ ерін сүйіп алды.-И, жан, басқалар көріп қояды ғой-деп Ләйлім күлімдеді.-Көрсе, көре берсін, біз жас бала емеспіз ғой, біз әлдеқашан ата-ана болдық-деп Дарын жауап берді.

-Жан, қыздарымыздың есімін кім деп қоямыз-деді Ләйлім.-Мәссаған, мұны ұмытып кетіппіз ғой-деді Дарын сәл ойлана.-Қызымызға Лияр,  ал ұлымызға....-Ұлымызға Дияр, есім-деп Ләйлім Дарынның жүзіне күлімсіреді.

-Оооо, міне азамат, міні тұлға-деп Дарын шаттана күлді.

-Сен менің бақытымсың, жанымсың, жүрегімнің ішіндегі жүрегімсің сен, жанымның саясы, өмірімнің бағысың сен жаным деп Дарын Ләйлімді сүйді.Бұл ғажап сәт екі жұптың ішіндегі көбелектерді қайта тірілтті.

Күндер өтуде.Ләйлім екі періштесімен үйіне қайтатын уақыты болды.Заттарын ақырын жинастыруға медбике көмек берді.Арада 1 сағат өткен соң, ауруханадан шығаруға Дарын үлкен шарларымен, үлкен букетімен, және әдемі сыйлығымен Ләйлімді  ауруханадан шығаруға келді.

-Мәссағааан, жааан, жаныым, көп рахмет-деп Ләйләм Дарынды құшақтап сүйді.

-Мұның бәрі сен үшін жаным.Сені үйде де тосынсый күтіп тұр-деді Дарын күлімдеп.-Ооо, тосынсыйды көруге асықпын жаным-деп Ләйлім жауап берді.

Екі жас ата-ана аурухананың алдында, және палатада сыйлықтармен фотосуретке түсті.Ләйлімнің өңі кіріп, жағдайы жақсара бастады.2 сағаттан соң, олар үйлеріне келді.-Ал жаным, тосынсыйды көруге дайынсың ба?-деді Дарын.-Иә жаным, дайынмын-деді Ләйлім тағатсыздана.Екі сәбиді Дарынның екі қарындасы қастарына алды.Дарын Ләйлімнің көзін орамалмен байлап, үйге ақырын кіргізді.Есікті ашып, Дарын Ләйлімнің көзін шешкен соң, Ләйлімнің жүзі одан сайын шаттана түсті...Себебі үйде...Себебі үйде ОЛАРДЫҢ КӨЛІК АПАТЫНАН АМАН ҚАЛҒАН АТА-АНАЛАРЫ КӨЗ АЛДЫНДА ТІРІ ТҰР.МҰНЫ КӨРГЕН ЛӘЙЛІМ ҚУАНЫШТАН ЖЫЛАЙ,АТА-АНАСЫН ҚҰШАҚТАП МАУҚЫМЫН БАСТЫ.-Қуанышымда шек жоқ.Анашым, Әкешім.Сіздердң мәңгіге жоғалтып алдым ба деп қатты қорықтым-деді Ләйлім.

-Қызым, бәрі жақсы.Бәріміз аман-есенбіз.Біз сені тастап кетпейміз деді-Әкесі қызын құшақтап.

-Ал сүйікті де, сүйкімді жиен немерелеріміз қайда екен?-оларды да сағынып қалдық деді-Анасы.-Екі періштеміз сіздерді өз бөлмелерінде күтіп отыр-деп Дарын күлімсірей айтты.

Кішкентай періштелердің бөлмесіне ата-анасы Ләйлім мен Дарын және ата-әжесі жаймен ақырындап кірді.Кішкентай періштелер жылы төсеніште маужыраған қозыдай шыр етпей ұйықтап жатыр.-Туф, туф, кішкентай періште-жүректерім менің, көздері Ләйлімге, мұрындары Дарын балама ұқсаған ба қалай? тура Диярдың ұйықтағаны Ләйлімге ұқсайды, бір көрпеде қозғалмай ұйықтап қалады-деп әжесі жиен немересіне жылы сөз айтты.-Алтындарым менің, кішкентай жүректерім, тіл көзден аман болғай деп-атасы да сөзін жалғастыра айтты.

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!