Шешім
10 июля 2025, 10:13-Иә, анашым не болып қалды?-деді Ләйлім.—Қызым, саған маңызды жаңалығымыз бар, соныңа дейін тыңдап, өз пікіріңді айтуыңа рұқсат-деді Анасы.-Иә, тыңдап отырмын-деді қызы Ләйлім.-Қызым, Ләйлім, сен өте ақылды қызсың, кез келген жағдайдан оп-оңай шыға алатын тапқыр қызымсың.Бүгін саған бір кісілер құда түсіп келмекші, алайда мен ол кісілерге сені тұрмысқа шыққыздырғым келмейді, олардың бар ойы-тек бізді ақшамен қамтамасыздандыру.Сөздің тоқ етеріне келе, олар келгенге дейін сен өзіңе жігіт тауып қоюың керек-деді анасы.
-Не, қалайша, мен 1 күннің ішінде жігітті қайдан табамын?-деді қызы Ләйлім.-Қызым, сен ақылдысың, бір амалын табасың-деді анасы.
Қонақ бөлмеден шығып, өз бөлмесіне қарай ақырын, көңілсіз көтеріліп, кірді. Тұла бойын бір сәтте өртке орағандай күйге кештірді.Жігіт тапса, тұрмысқа шықпайды, ал таппаса, тұрмысқа шығады.Әртүрлі амалдар мен ойлар оның тұла бойын жаулап алды.Ұзақ ойлана келе, құрбысы Бегімнен көмек сұрады.
-Бегім сәлем, қалың қалай? Маған сенің көмегің керек?-деді Ләйлім.-Сәлем Ләйлім, шүкір, өз жағдайың қалай? Қандай көмек керек?-деді Бегім.-Бегім, бүгін үйге бөгде кісілер маған құда түсіп келмекші, сол сәтке дейін мен өзіме уақытша жігіт табуым керек, таппасам бүкіл өмірім құрып, сол кісілердің артынан барамын-деді Ләйлім.-Ләйлім, уайымдама, менің бір тұйық, әрі көп сөйлемейтін, бірақ бойы ұзын, сымбатты досым бар.Мүмкін, сол жігітпен сөйлесіп көрерсің?-деді Бегім.-Иә, иә, маған оның телефон номерін қазір жібер.Мен ол жігітпен байланысамын-деді Ләйлім.-Жарайды.Есімі-Дарын.Жасы-24те-деді Бегім.-Саған көп-көп рахмет жаным, сенің бұл қамқорлығыңды ешқашан ұмытпаймын-деді Ләйлім.-Алғыс айтудың керегі жоқ, күнім, саған қол ұшын созуға дайынмын-деді Бегім.
Уақыт өте, Ләйлім, Дарынның телефон номерін алды.Бірінші қадам жасап, оған хабарлама жаза бастады.
-Сәлем, Дарын.-деді Ләйлім.Әдемі әуенін гитарамен ойнап отырғанда, оның телефонына бейтаныс адамнан хабарлама келді.Ол бұл жазбаға 2 минут қарап, байқамағандай кейіп танытты.Бірнеше минут өткен соң, хабарламаға жауап жазды.
-Сәлем, бұл кім?-деді Дарын.-Бұл Ләйлім.Сені мазаласам кешірім сұраймын.Сенің телефон номеріңді Бегім құрбыңнан алдым.Маған сенің көмегің керек-деді Ләйлім.-Иә, қандай көмек-деді Дарын-Бүгін менің үйіме мен танымайтын кісілер маған құда түсіп келмекші, егер мен олар келгенге дейін жігіт таппасам, ата-анам сол кісілерге мені ұзаттырып жібереді.Қысқасы, сен менің уақытша жігітім болуың керек.Бірақ бұл көп уақытты алмайды-деді Ләйлім.-Уақытша жігіт? бізге жолығып кездесу керек-деді Дарын.-Жоқ, уақыт тығыз.Олар 1 сағаттан соң үйге келеді-деді Ләйлім.-Дәл қазір жиналып, сенің үйіңе барамын-деді-Дарын.-Жақсы, рахмет.Мекенжай:Төле би 113-деді Ләйлім.
Біраз уақыт өткеннен кейін есіктің қоңырауы соғылды.Ләйлім төменгі қабатқа түсіп, есікті ашса:Ұзын бойлы, қарашығы қою қара түсті, құдды бір ғалам әлемі секілді, ал мұрны тақтай секілді тегіс қырлы, ешқандай артық жарасы жоқ, ал еріндері қою қызылдай, сөмкенің жіңішке қою қызыл бауындай нәзік, әрі таза, ал беті сәнқой жігіттердің келбетінен кем түспейді, аппақ қолдары құдды бір ұн жағып алғандай кіршіксіз таза көбіктей, тамырлары айқын, мойны да, аққудың нәзік мойнындай таза аппақ, тамырлары анық байқалады, аяқтары түзу, еш кедергісі жоқ.Қысқа қою қара шашы–теңіздегі жайлы толқындай әдемі, қалыңдығы да бар.Ләйлім бұл келбетті көріп 4 минуттай көз алмай қарап тұрып қалды.Сәлден соң Ләйлім есін жиып, амандасып, оған үйге кіруін өтінді.–Сәлем, Дарын.Мен Ләйліммін.Үйге кір-деді Ләйлім.–Сәлем, иә рахмет-деді Дарын.
Екеуі Ләйлімнің жеке кітапханасы бар бөлмесіне бет алып кірді.Ләйлім екеуі бос орындыққа жайғасып, іске кірісе бастады.
-Иә, айта бер, құлағым сенде, мен не істеуім керек–деді Дарын.–Жақсы, іске кірісейік-деді Ләйлім.
–Бірнеше минуттардан соң, әлгі бейтаныс кісілер құда түсуге келеді.Мені жақсылап тыңдап ал, бір қателік жіберуші болма.Құдалар келгеннен кейін, олар менің ата-анаммен қонақ бөлмеде сөйлеседі.Сол сәтте, ата-анам мені шақырады.Ал мен сені ертіп, қонақ бөлмеге сенімен бірге кіруім керек.Бізге бірнеше сұрақтар жаудыруы мүмкін.Алайда, еш берілмей, жауап беруіміз керек-деді Ләйлім.
-Иә, иә бәрі түсінікті.Мен сұрақтарға жауап беруге дайынмын-деді Дарын.
1сағат өткен соң, Ләйлімнің үйіне көптен күткен бейтаныс кісілер құда болып қош көрді.–Сәлеметсіздерме–деді құдалар-Сәлеметсіздерме-деді Ләйлімнің анасы, әкесі.–Сәлеметсізбе-деді Ләйлім.өтірік жымия күліп.
Олар қонақ бөлмеге қарай бет алып кірді.Бос орындарға жайғасып, басты әңгімеге кірісті.-Біз, сіздердің қыздарыңыз–Ләйлімге құда түсуге келдік.Иә, екі жас бір-бірін танымайды, алайда үйленгеннен кейін аралары жақсы болып кетеді деген сенімдемін-деді–бас құда.–Иә, екі жас бір-бірін танымайды, алайда біздің Ләйлім қызымыз алған бетінен қайтпайтын өжет қыз, өкінішке орай қызымыз бұл некеге келіспес–деді Ләйлімнің әкесі.
–Қыздарыңыз қайда? шақырсаңыздаршы–деді бас құданың әйелі.-Қызым, Ләйлім–деді анасы.
–Иә, анашым деп–Ләйлім Дарынмен бірге қонақ бөлмеге қарай құдды бір жас жұбайлар секілді кіріп келді.Олардың мұндай көрінісіне әкесі мен анасы іштей қуана кетті.–Қызым, Ләйлім, бұл сенбісің?-деді бас құданың әйелі.-Иә, менмін.Есімім Ләйлім-деді Ләйлім.–Ал қасыңдағы сері жігіт кім?-деді бас құда.–Бұл менің болашақ күйеуім, менің жолдасым–деді Ләйлім.Дәл осы сәтте, осы сөздерді естіген құдалар орманнан қашқан жануардай көздері бақырайып, ауыздары ажырап, ашылып, қолдарымен ауыздарын жауып үлгерместен, құдалар мән-жайды біліп алмақшы болды.-Қызым, Ләйлім, неге бұл туралы айтпағансың, біз бұл жаңалықтан мүлдем бей-хабармыз-деді бас құданың әйелі.-Бұл жігіт, Ләйлім туралы бір ақпарат біле ме өзі, аспаннан салбырап түскен жіптей болып тұр ғой-деді бас құданың баласы.
-Біріншіден, сәлеметсіздерме, екіншіден, менің есімім–Дарын.Мен Ләйлімнің болашақ күйеуімін, менің сүйген жарым.Үшіншіден, мен Ләйлім туралы көп нәрсе білемін.Оның қандай тағам жақсы көретінін, бос уақытында қандай хоббимен айналысатынын, қандай стильде киінуді ұнататынын, мінезі және қасиеттерінін қандай екенін толық білемін.Бұл қыз менің өміріме келген сәттен бастап, менің өмірім сұр әлемнен түрлі-түсті әлемге ауысты.Менің жарым бос уақытында тігу, қолөнер, бұйымдар жасаумен айналысқанды жақсы көреді.Менің жарым–өте ақылды, сыпайы, әдепті, мейірімді жан.Бұл адаммен менің әр күнім, әр сәтім бақытпен тең.Бұл адам менің өмірімнің мәні мен сәні.Жүрегімнің жылуы, көңілімнің лебізі, жанымның саясы, менің Ләйлім-деді Дарын Ләйлімнен көз алмай қарап.
-балам, мен сенің бақытыңа кедергі болғым келмейді, сен осы өмірде бақытты болуға лайықсың, егер сен Ләйлімді таңдасаң, мен қарсы емеспін, сендерге бақытты болуды тілеймін.Бұл қыз Ләйлімнің бақытына өз ұлымды үйлендіріп балта шапқым келмейді-деді бас құда.
-Сізге көп рахмет, мырза-деді Дарын.-Сізге көп рахмет, түсіністік танытқаныңызға алғысым шексіз-деді Ләйлім.
Қонақ бөлмеден құдалар шығып, Ләйлімнің ата-анасымен кері қоштасты.Балалардың бақытына балта шаппай, бақытты болуларына кедергі болмау керек деген сөзді ұстанып, құдалармен қарым-қатынасы мәңгіге үзілді.
Ләйлім мен Дарын Ләйлімнің кітапханадағы бөлмесіне келіп, жайғасып әңгімелесті.-Мәссаған, Дарын, Дарын, сен менің сенімімді ақтадың, саған алғысым шексіз, осындай көмек көрсеткенің үшін рахмет-деді Ләйлім.-Оқасы жоқ, бұл жай ғана кішігірім көрініс ғой, бәрі жақсы-деді Дарын.Алайда оның Ләйлімге деген шынайы сезімі бірте ашыла бастаған секілді.-Айтпақшы, мен туралы ақпаратты қайдан алдың?-деді Ләйлім.-Сенің құрбың, Бегім, сен туралы біраз ақпаратты маған айтқан болатын, содан ақпаратты есіме сақтап, жаттап алдым-деді Дарын.-Жарайсың, керемет-деді Ләйлім.Дарынды құшақтап алды.–Ой, кешірім сұраймын-деді Ләйлім.-Жоқ, ештеңе етпес-деді Дарын.
Бұл екі жастың әңгімелерін Ләйлімнің ата-анасы есіктен сығала естіп тұрды.Ата-анасы бұл әңгімеге күле қарап, жымия салды.
5 ай өткен соң...
Соңғы 5 айда Ләйлім мен Дарынның өмірі күрт өзгерді.Жаңа өмір мен жаңа қадамға барып, үлкен шешімдер қабылдады.Яғни шешім дегендей, олар өткен жылдың құдаларының келісімімен "Жалған махаббат" құрды.Олардың сөз байласқан некесі заңды болғанымен, ерлі-зайыптылар секілді бірге ғұмыр кешпеді.Олар жаңа үйге көшті.Бірақ бір-бірімен аралары жақын болмайтын.Күндердің бір күнінде олардың өмірінде бір оқиға орын алады.Күтпеген оқиға оларды қатты таңырқатты.-Ләйлім, мен бүгін үйге кеш келемін, мені күтпей ұйықтай бер-деді Дарын.-Жақсы, жарайды-деді Ләйлім.
Түңгі сағат 01:00.Дарын әлі келмеді.Бір уақытта сағат 01:15 кеткенде есік қоңырауын бір бейтаныс адам қағады.Мұны естіген Ләйлім, ұйқысынан әрең ояна, есік жаққа қарай барады, оның бар ойлағаны Дарын келген болар деп, есікті еш күдіксіз ашады.Сол сәтте бейтаныс адам Ләйлімді ұйқылы ояу күйде тұншықтырып, талдыртады.Бейтаныс адам үйде камера бар екендігін мүлдем білмейді.Ол Ләйлімді үйден шығарып, тоғайлы қалың орманға көлікпен апарады, тоғайлы қалың орманда 2 бөлмелі ағаштан жасалған үйшікке Ләйлімді кіргізіп қамап тастайды.Бұл істі жасаған, бұрынғы бас құданың баласы екен.-Қолыма түстің бе, сұлуым, сені Дарынға тұрмысқа бергенше, неге маған үйлендіре салмады екен а, ахахаха-деп күлді бас құданың баласы.
Түңгі сағат 2:00 болды.Дарын үйге келді.Алайда үйге бөтен адамның кіргенін сезгендей болды, дереу Ләйлімнің бөлмесіне кірсе, Ләйлім жоқ, тым-тырыс.Сәлден соң, үйдегі камераларды қарауға кетті.Камерада әлгі бас құданың баласы Ләйлімді тұншықтырып алып кеткені айқын көрінді.Мұны көрген Дарын ашуға булықты, полиция қызметкерлеріне қоңырау шалып, көліктің ізі бойынша мекенжайға келді.-Полицей мырза, мұқият болайық, Ләйлім мен үшін қымбат адам, мен бұл қыздан айырылып қалғым келмейді-деді Дарын.-Уайымдамаңыз, Дарын мырза, біз Ләйлім ханымды құтқарамыз-деді полицей.
Орман ішінен 5 адам оның бесіншісі Дарын келе жатыр еді.Айналаны мұқият тексере келе, әлгі үйшікті тапты.Үйшікке дереу ақырын ғана кіріп, есігін ашты.Есікті ашса, әлгі бас құданың баласы, Ләйлімді қылғындырып жатқан болатын.Мұны көрген полицейлер бас құданың баласын дереу ұстап, қолына кісен тағады.
-Ей, сенің есің дұрыс па, менің Ләйліме жақындаушы болма, әйтпесе сені өлтіремін-деді Дарын.-Иә, ал қане, батыр мырзам, өлтіріп көр-деді бас құданың баласы.
-Полицей мырза, бұл малғұнды түрмеге алып кетіңіздер-деді Дарын.-Құп болады, мырза-деді полицей мырза.
Дарын Ләйлімді көтеріп, қайта үйге көлікпен әкелді.Ләйлімде аса қатты жарақаттар жоқ, тек қана басы ғана айналған.Ләйлімді бөлмеге кіргізіп, көрпешесін үстіне жапты.Ләйлімнің бетіне таңдана күлімсіреп қарап былай деді:-Жүрегімді сол бір алғашқы кездесуде сен өзіңе тартып алған болатынсың, Ләйлім.Сендей сұлу жанды жолықтырғаныма ризамын–деді Дарын.
Өз бөлмесіне баруға ерініп, Ләйлімнің төсегінің қасына жатып, ұйқыға кетті.Екеуі де тәтті ұйқының құшағына кетті.
Таң атты.Ләйлім әлі оянбады.Ал Дарын Ләйлімге қарай тамсана қарап жата берді.5 минут өткен соң, Ләйлім көзін ашты.
-Қайырлы таң, Дарын, кеше үйге бір бейтаныс кісі келді, әріқарай не істегенін мүлдем білмедім, сен білесің бе?-деді Ләйлім.
-Иә, Қайырлы таң, Ләйлім! Кеше үйге түңгі 2:00де келдім.Сол сәтте есік құлттанбаған, дереу сенің бөлмеңе қарай барсам сен жоқсың.Саған бірнәрсе болып қалды ма деп қатты қорқа бастадым, содан кейін үйдегі камераларды тексердім.Үйге келген бас құданың баласы екен.Ол сені ұрлап қайтпақшы болды, сені ормандағы үйшікте жасырды.Сені тез арада полицей қызметкерлерімен іздеп, әлгі малғұнды тұтқындап түрмеге алып кетті-деді Дарын.
-Мәссаған, осыншама оқиғаның басымнан өткеніне сене алар емеспін, Дарын, саған көп рахмет-деп Дарынды жылай құшақтап алды. -Ештеңе етпес, бәрі дұрыс, енді сен менің қарауымда боласың, саған өзгелердің тиісуіне, сөз сөйлеуіне жол бермеймін-деді Дарын.
-Рахмет, алғысым шексіз-деп Ләйлім орнынан тұрып, ас үйге қарай бара жатырғанда, Дарын оның қолынан ұстап қалды.
-Ләйлім, мен саған маңызды нәрсе айтуым керек, мұны айтпасам, өзімді іштей жеп, тірі өлік болып кетемін-деді Дарын.
Ләйлім, Дарынның бұл сөзіне таңдана қарап, не туралы айқысы келгенін білуге ұмтылып:-Иә, айта бер, құлағым сенде-деді Ләйлім.
-Білесің бе, мен сені жолықтырмай тұрып, мұндай сезімді басымнан өткерген емеспін, адамдарға қатты ашылып, сөйлей алмаймын, өмірімнің әр күні тек үнсіздік және тыныштықпен өтетін.Ал сені жолықтырған сәттен бастап, менің сұр әлемім–түрлі-түске айналды, сен менің жарығымсың, шуағымсың, саған деген кіршіксіз сезімімді енді әріқарай жасыра алмаймын.Мен өмірімнің ақтық деміне дейін сені ғана сүйіп, сенімен бірге болғым келеді.Ләйлім, "Мен сені сүйемін" "Жанымнан артық жақсы көрем".Егер ойланамын десең, мен сені күтем-деді Дарын.
Ләйлім бұл сөздерді естіп, жүрегінде үмітп ен ерекше сезім пайда болды.Құдды бір табиғат аясында көбелек қуған сәбидей күйге бөленді.Бар ойын жинақтап, Дарынға былай жауап қайтарды:
-Дарын, мен сенің сезімдеріңді, махаббатыңды шексіз құрметтеймін, осы уақытқа дейін де қиын жағдайға тап болғанда демеу беріп, көмектестің, қорған болдың, мен сол сәтте өзімді қауіпсіз сезіндім, сол сәттерден бастап, мен де де әдемі және кіршіксіз сезімдер пайда болды, бірақ бұл сезімдерге мен мүлдем назар аудармадым, сенің осы сөздеріңнен кейін саған деген сезімім мен махаббатым одан сайын күшейе түсті.Мен де ақтық демім таусылғанша, сені ғана сүйіп, сенімен ғана бақытты ғұмыр кешкім келеді.Дарын "Менде сені сүйемін" "Мен сені жақсы көрем" деп-Ләйлім жымия түсті.
-АЛАҚААААЙ, АЛАҚААЙ, ЖАНЫМ, Жаным менің, жан-жарым-деп Дарын Ләйлімді көтеріп құшақтап алды.
-Сенің бұлай қуанғаныңды бірінші рет көріп тұрмын-деп Ләйлім таңдана күлді.
-Жоқ, бұл бастамасы, әлі аспанға секіргенімді көресің-деп Дарын да әзілдеді.
-Аспанға секірсең де, қалықтап ұшсаң да, айналсаң да, маған ұнайды-деді Ләйлім
-Жаным, жаным менің-деп Дарын Ләйлімнің маңдайынан ақырын ғана сүйді.
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!