10бөлім
1 мая 2017, 22:06Мен үйге келдім.Қарасам əдеттегідей ата анам үйде жоқ екен.Мен тез киімімді ауыстырдым.Үйге берілген үй жұмыстарын жасадым.Сосын өзімнің жақын достарыма бардым.Яғни жақсы көретін диваным мен теледидарым.иə иə олар менің"достарым"😂.Содаң соң мен ас үйге барып,тоңазытқыштан йогуртты алып шықтым да,теледидарды қосып қалып едім.Келинка Сабинка 2 басталыпты.Ал мен соны əлі көре алмай жүр ем😂.Барлығыңыз көрген шығарсыздар.Бірақ мен əлі көрген жоқпын.Міне енді қарап отырмын.Сосын ол біткен соң өз бөлмеме барып,төсекке жатып,ұйықтап кеттім.Таңертең сол баяғы будильник шырылдай.Уф мен оны сондай еді көрем.Мен ғана емес деп ойлайм Барлығы да жек көретін шығар.Төсектен тұрдым да, ваннаға барып, жуындым.Сосын тамақ ішу үшін ас үйге бардым.Қарасам əдеттегідей анам таңғы ас дайындап жатыр екен.Сосын мен тамағымды ішіп алдым да,бөлмеге барып мектеп киімдерің кидім.Сосын далаға шығып, құлағыма құлаққапты(наушники) тағып,91 тобының əндерін қостым.Солай мектепке де жетіп қалдым.Бірінші сабақ дене тарбиесі еді.Ал менде дене тарбиесіне қатысуға болмайтыным жөнінде қағаз бар еді.Сондықтан да мен қыздар киім ауыстыратын бөлмесінде отырып,тағы да 91тобының өленің тыңдай,олар жайлы вк желісінде құрылған неге түрлі группаларды ашып олар туралы тағы да жаңа мағлұматтарды оқи бастадым.Солай бірінші сабақ та бітіп қоңырау соғылды.......
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!