2 бөлім
23 апреля 2017, 22:13Үй бірнеше бөлмеден тұрады:қонақтарға арналған бөлме (зал),3жатын бөлме,ас үй,жуынатын бөлме.Маған əкем өзімнің бөлмемді көрсетті.Өте əдемі екен,сөз жоқ.Кеш болды.Сондықтан да мен жуындым да тіпті тамақ ішпестен,жаттым.Ертесіңе мен таңертең ерте ояндым.Ас бөлмеден біреу тамақ пісіріп жатты.Анам шығар деп ойладым.Содан соң төсегімнен тұрып жуынатын бөлмеге бардым.Сосын ас бөлмеге қарай бет алдым. Қарасам анам жұмыртқа қуырыпты.-Қайырлы таң,анашым дедім де бетінен сүйдім-Қайырлы таң,қызым кел асқа отыра ғой,қазір тамақ ішеміз -деді анашым.-Ал əкем қайда-деп сұрадым мен-Ол жұмысқа кеткен,айтпақшы сен тамағынды асықпай ішіп ал да,содан кейін дүкенге барып саған мектепке қажет нəрселерді барып алайық-деді анашым-жақсы,мен тамақ ішіп болдым,өте дәмді болыпты,рахмет анашым,мен барып киіне берейін-дедім мен-жарайды бара ғой қызым-деп айтты анашым Мен шашымды тарап,жайғана жіберіп жүруді жөн көрдім.Содан кейін үстіме көйлек,аяғыма туфли кидім,жəне бетіме аздап крем жағып,ерніме сəл ғана помада жақтым(шынымды айтсам мен боянуды онша ұната бермеймін ,неге екенің өзімде білмеймін)мінеки дайын болдым -Анашым мен дайынмын-деп қасына бардым-жарайсың қызым,жүре ғой шығатын уақыт болды-деп анам екеуміз таксимен бір үлкен тц-ге келдік.Бірінші біз киім таңдауға бардық.Онда мен өзіме 2көйлек,1туфли,2блузка жəне юбка алдым.Анашым бұл алған киімдерімді құп көрді. Содан кейін канц товарларға бардық.Онда мен мектепке қажетті ұсақ-түйектерді алдымда,анам екеуміз алған нəрселерімізді кассаға апарып,анам төледі.Содан соң біз кафеге баруды ұйғардық.Онда тамақ ішіп,демалған соң, такси шақыртып,үйге қарай жол тарттық.Сонымен уақыттың қалай өтіп кеткенің де байқамай қалыппын.Сағат 22:00.Мен ертеңге киімдерімді дайындап қойдым да,бірден ұйқыға кеттім.Себебі ертең 1қыркүйек,жаңа мектеп,жаңа қадам......
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!