Жалғанған жүректер

10 июля 2025, 10:35

Бір күні, Айдын жұмысы бойынша үйде дайындалып жатқан болатын, бір кезде таныс кішкентай балалардың суретін тауып алды.Әкесіне барып:-Әке, бұл суреттегі балалар кімдер?-деді Айдын.-Қызым, бұл сенің егіз бауырларың.Біз анаң екеуміз, осыдан 20 жыл бұрын, бауырларыңды 2 жасында жоғалтып алдық, ақыры олар өлі табылған болатын деп-Дарын көзіне жас алды. Айдын өзі заңгер болғандықтан, жалған сараптама жасалғанын сезіп, ескі медициналық құжаттарды тексереді. Ол ескі іс бойынша айғақтарды қайта қарауға өтініш береді, жаңа сараптама нәтижесінде балалардың мәйіттері шын мәнінде басқа адамдарға тиесілі екені анықталады.-Әке, жыламаңыз, мүмкін олар, тірі шығар, әлгінде киноларда болатын еді ғой, бауырларын ұзақ жылдан кейін тауып қауышатын.Уайымдамаңыз, мен детективпін ғой, олар табылады-деді Айдын әкесін құшақтап, жұбатып.-Айтқаның келсін-қызым деді Дарын.

Америка.

-Лияр, қайдасың? Жұмыстасың ба?-деді Дияр.-Иә, жұмыстамын, бірдеңе болды ма?-деді Лияр.-Бүгін, анамызбер бірге, Қазақстан деген елге саяхат жасаймыз-сенде жүр-деді Дияр.-Иә, мен жұмысымды аяқтап қалдым-деді Лияр.-Сені үйде күтемін-деді Дияр.Көп ұзамай, Лиярдың жұмысы аяқталды.Үйіне келді.-Лияр қызым, заттарыңды жинап қой, біз Дияр екеуміз жинап қойдық, кешкі 23:00де ұшамыз-деді анасы.-Жақсы анашым-деді Лияр.

Арада уақыт өтті.Үшеуі әуежайға келіп, регистрациядан өтіп, ұшаққа мінді.Арада 10 сағат өткен соң, олар Қазақстанеа қонды.Ұшақтан түсіп, қонақ үйге орналасты.Бір сәтте, Лияр мен Дияр:-Қызық екен, мына ел маған құдды бір жақын секілді.Осы елде менің жақындарым бар секілді ше, жаныма жақын сезілді-деді Лияр.-Иә, айтпа, құдды бір, жақыныма келгендей, ыстық болып көрінді.Осы елде жақындарымыз тұра ма екен?-деді Дияр.-Сіз қалай, ойлайсыз?-анашым деді Лияр.-Мүмкін солай болар, сендердің кей жақындарың осы елде тұрады.Алайда, олардың қай қалада тұратынын білмеймін деді-анасы.-Қызық екен, оларды кездестірсек күшті болар еді...-деді Дияр.

Айдын бауырларын табуға ата-анасына айтпай кіріскен болатын, және ол бауырларын көрмесе де, олардың суреттері кішірейтілген алқа жасап алған болатын.-Ех, өмір, өмір-ай, неткен қиын, неткен қызық едің, бауырларымды табу үшін талпынуым керек, менің жүрегім сезеді, олар тірі-деп Айдын өзімен-өзі сөйлесті.

Күндер өтті.Астана жылы.Айдын кітапханаға арналған үлкен днкеннен керек заттар алуға келеді.Сол жерде Лияр мен Дияр да болатын.Бір күні, Үшеуі келе жатып, соқтығысып қалғанда, Айдынның мойнындағы алқа жерге түсіп қалады.-Кешіріңіз, бұл сіздік ме?-деп Лияр жалт бұрылып Айдынға айтады.Сол сәтте, алқа ашық болатын.-Тоқтай тұрыңыз, бұл суреттегі балалар бізге ұқсайды екен, біздің суретіміз сізде қайдан жүр-деп Лияр деп сұрақ қояды.-Бұл суреттегі балалар менің бауырларым, мен бұл балалардан бұрын айырылып қалғанмын-деді Айдын.-Қызық екен, бауырларыңыз бізге ұқсайды екен?-деді Лияр.-Олардың есімдері кім?-деді Дияр.-Олардың есімдері-Лияр және Дияр-деді Айдын.-Мәссаған, керемет-деді Лияр.-Мүмкін сізбен кофе ішерміз-деді Дияр.-Мен 2 сағаттан соң босаймын, айтпақшы менің есімім Айдын-деді Айдын.-Біздің есімдеріміз Лияр мен Дияр, біз егізбіз-деді Лияр.-Керемет, мынау менің номерім, босаған уақытта, яғни сағат 16:00де соқсаңыздар болады-деді Айдын.-Жақсы, жарайды-деді Лияр.

Қызық екен, неге олар маған тым жақын болып көрінді.Күдігім басталған секілді.Олардан Днқ сараптамасын алмасам болмайды деп-Айдын өз ойын жинақтады.Әне-міне дегенше, 2 сағат өтті.Айдынның телефонына бейтаныс номер қоңырау шалды.Бұл номер Лиярдың телефон номері болатын.-Сәлем, Мен әлгі сізбен жүздесіп танысқан Диярдың егізі Лияр едім.Сізбен сағат 16:00де кофе ішеміз деп келіскен едік, қолыңыз босады ма?-деді Лияр.-Сәлем, иә қолым босады, қазір сіздермен жолығамын-деді Айдын.Сағат 16:00.Әдемі самал желмен бір бағытта болып тұрған табиғаттың әдемі күнінде үш бауыр жолықты.Кофехананың саумалында үшеуі отыр.Өздері қалаған кофеге тапсырыс беріп күтіп отырды.Тапсырыс келгенше, таныстырылым жалғаса түсті.-Иә, Айдын ханым, өзіңіз туралы айтсаңыз, сізбен жақын болғымыз келеді, біз Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмыз-деді Лияр.-Мен осы Қазақстанда дүниеге келдім.Әкемнің есімі-Дарын, ал анамның есімі Ләйлім.Араға ұзақ жыл салған соң, олар мені дүниеге әкелді.Бірақ менің алдымда тағы егіз бауырым болды.Олар мен дүниеге келмей жатып, жоғалып кетті.Алайда ата-анам оларды таба алмады-деп Айдын көзіне жас алды.-Айдын ханым, жыламаңыз, бәрі жақсы болады, бауырларыңызды табасыз-деді Дияр күлімсіреп.-Жақсы, енді жыламаймын.Енді өздерің туралы айтсаңдар-деді Айдын.-Біз Америкада тұрамыз.Бірақ біз не үшін қазақ тілінде сөйлейтінімізге таңғаламыз, қазақ тілімен қатар, ағылшын тілінде еркін білеміз.Біз қазір анамызбен тұрамыз.Алайда ол бізді көшеден тауып алыпты.Содан бізді асырап алды.Біз ол уақытта 2 жаста болдық.Сол анамыздың арқасында қазір тірі жүрміз-деді Дияр.-Мәссаған, қызық екен, таңғаларлықтай-деп Айдынның ойына сан-қырлы сұрақтар жинала бастады.Мүмкін, бұл егіздер менің бауырларым болып шықса ше? деген ой мазалады.Мен олардан Днқ сараптамасын алуым керек, деп іске кірісе бастады.

Тапсырыстар келді.Үшеуі кофелерін іше бастады.-Ал, ата-аналарың естеріңде ме?-деп Айдын сұрақ қойды.-Есімізде жоқ, бірақ олардың иә тірі, иә жоқ екенін мүлдем білмейміз-деді Лияр.-А, жақсы, жарайды-деді Айдын.-Айдын ханым, ренжімесеңіз, біз қонақ үйге баратын едік, келесі жолы да кездессек қалай?-деді Лияр.-Жоқ, ренжімеймін, сау болыңыздар-деді Айдын.

Айдын, егіздер кеткен соң, олардың кофе ішкен ыдыстарынан сілекей мен қол іздерін алды.Көп ұзамай ол да, кофейнядан шықты.Кофеханадан шыққан соң, сараптама жасату үшін мемлекеттік сот-медициналық орталығына барды.Ата-анасының бір шаш талы мен егіздердің сілекейі мен қол таңба іздерін сараптама жасатуға апарды.Зертханашыға ұсынып, сараптама нәтижесін күтті.Айдынның бар ойы осы егіздердің бауырлары болуын қалады.Арада 3 күн өтті.3 күннен соң, Айдын қайтадан мемлекеттік сот-медициналық орталыққа барды.Зертханашыдан сараптама нәтижесін алды.Сол кезде Зертханашы:-Бұл кісілер осыдан 20 жыл бұрын днқ сараптамасын жасатқан болатын, бірақ ол уақытта днқ сәйкес келмеді.Қателеспесем, сол күні, менің орнымда басқа зертханашы болатын.Оған Шыңғыс есімді жігіт ақша ұсынып, днқ сараптамасы өлі балалар денесімен сәйкес келеді деп айт, және жалүпн сараптама жаса деп ұсынған болатын.Қайта жасатуы қызық екен?-деді Зерттеуші.-Не, бұл не сонда? енді бәрі түсінікті болды.Ол Шыңғыс деген кісі туралы ақпарат бар ма екен?-деді Айдын.-Иә бар болған.Мінекей, таптым.Сараптама берушінің аты-жөні, телефон номері, суреті қойылған-деді Зертханашы.-Жақсы, рахмет сізге.Ал жанағы Днқ сараптамасының нәтижесі қалай болды?-деді Айдын.-Мінекей қараңыз, екі ерлі-зайыпты мен егіздердің днқ сараптамасы 100% сәйкес.Олар яғни жақын адамдар-деді Зерттеуші.-Рахмет сізге-дее днқ сараптамасының нәтижесін алып, көзі толған қуанышты жаспен  Айдын сыртқа шықты.-Иә, Құдайым, сансыз шүкір, егіздер-менің бауырларым болып шықты-деп Айдын жылап тұрды.Күндер өте берді.Айдын Шыңғыстың бұрын түрмеде отырғанын, және оның қазір Қазақстанда екенін анықтап білді.Көп ұзамай, егіздердің туған күніне 1 күн қалды.Айдын олардың туған күндерін білетін.Сол үшін туған күнмен қатар, атаана мен балаларды қайта қауыштыру үшін тосынсый жасамақ болды.

-Алло, Лияр қалыңыз қалай? ертең сіздердің туған күндеріңіз екен, қаласаңызжар менімен атап өтсеңіздер қайтеді?-деді Айдын.-Жақсымын, өзіңіз қалайсыз? жоқ әрине қарсы емеспіз, біз сізге жақын болып кеттік ғой-деді Лияр.-Менде жақсымын, онда ертең көріскенше-деді Айдын.-Көріскенше-деді Лияр.

Айдын туған күнге керек заттарды дүкеннен алды.Тортты да ұмытпады, және егіздерге ерекше сыйлықта алды.Торттың бетіне "Туған күндеріңмен, бауырларым" деп жаздыртты.Түңгі сағат 22:50 болды.Айдын ата-анасына бүгін егіздердің туған күнін атап өтейік деп айтты.-Анашым, бір рет, иә олар жоқ, бірақ мен үшін-деді Айдын.-Жарайды, қызым-деді Ләйлім анасы.Көп ұзамай, Лияр мен Дияр да келді.Бірақ олар сыртта орналасқан бөлмеде болды.Айдын жарықты өшірді.Үй іші тек әдемі жарықтармен, безендірулермен толы болды.Сағат 23:56 болды. Айдынның жүрегі қатты соғып тұрды.Қуанышты жаңалық отбасына үлкен бақыт сыйларын білді.-1.2.3, кіріңдер-деді Айдын.Есіктен, бой жетіп өскен Лияр мен Дияр ақырын кірді.Көздері бадырайып, жүздері қуанышқа толы болды.-ТУҒАН КҮНДЕРІҢМЕН, БАУЫРЛАРЫМ-деп Айдын жар сала айтты.-РАХМЕТ СІЗГЕ КӨП РАХМЕТ-деп Лияр мен Дияр қуана айтты.-Қызым, сен не үшін оларды бауырларым деп атадың-деді Дарын әкесі.-Иә, қызым, бұл балалар кімдер?-деді Ләйлім анасы.-Бұл менің жасаған ең үлкен ісім болды, жақсылығым десем болады.Осыдан 20 жыл бұрын жоғалтқан егіздер осы балалар-анашым, әкешім.Сол күні егіздерді ұрлаған Шыңғыс есімді жігіт болып шықты.Егіздерді Америкаға апарып, көшеге тастаған.Бақытқа орай, оларды бір әйел асырап алыпты.Иә, бұл менің бауырларым, менің егіз бауырларым, сіздердің тұңғыш балаларыңыз, ата-ана атануларыңызға себеп болған егіздер осы-деп Айдын көзіне жас алды, және Днқ сараптамасын да көрсетті.-Бұл днқ сараптамасын осы егіздермен жүздескенде алғанмын-деді Айдын.-Нее, сондааа, БҰЛ БАЛАЛАР...БАЛАПАНДАРЫМ, БАЛАЛАРЫЫЫЫММММ МЕНІҢ😭😭😭😭ЖАНДАРЫМ МЕНІҢ-деп Дарын мен Ләйлім көздеріне жас алып, балаларын қатты-қатты құшақтады, олардың бетінен сүйіп, сағыныштарын басты.-Сонда сіздер, біздің ата-анамызсыздар ма?-деді Лияр.-ИӘ, ИӘӘ, қызым біз сенің ата-анаңбыз-деп Ләйлім көз жасын тоқтата алмады.-Мен енді барлығын түсіндім, Қазақстанға келгенде, бұл ел қатты ыстық көрінген, құдды бір жақын адамдарым осы жерде мені күтіп отырғандай күйге түсірген, бірақ мән бермедім, ал қазір осындай қуанышта ата-анамызды тапқанымызға қатты қуанып тұрмын, Әкенің мейірімі әр балаға керек демекші, әкемнің болуын армандадым, бірақ мұның бұлай орындалатынына сенбеп едім-деп Дияр жылай түсті.-Болды, бауырым жылама деп-Айдын Диярды құшақтады.-Айдын, саған көп рахмет.Біз туған күнімізде осындай ұмытылмас сыйға ие болдық.Егер сен болмағанда, біз сенімен де, ата-анамызбен де мүлдкм қауышпас едік, рахмет сізге деп Лияр екі бауырымен құшақтасты.-Ал балалар, осылай жылап тұра береміз бе? қане торт кесейік, қарным ашты-деп Дарын әкесі айтты.-Ойбу, Әке, сізде еркесіз бе?-деп Лияр айтты.-Иә, иә еркемін, сендерге еркелемегенге кімге еркелеймін?-деп Дарын күлді.

Осылайша, бұл отбасы толыққанды құралды.Жылдар бойы балаларын көрмей, қайғыда жүрген отбасыда 1 мезетте бәрі қалпына келді.Жарқыраған жұлдыз ба, әлде сәуле шашқан күн бе, қыздарының көрсеткен бақытына үлкен алғыс білдірді.Ата-ана бақытын екінші рет сезгендей күйге бөлендірді.Соңы!

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!